Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнес-омбудсмен кәсіпкерді заңсыз қудалаған прокуратура, тергеу және сот органдарының лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды талап етті
Кәсіпкер Квиташ Д.А. заңсыз қылмыстық қудалау нәтижесінде 2 жылдан астам уақыт қамауда отырды. Оның заңсыз сотқа дейінгі тергеу мен әділетсіз үкім шығаруға қатысты өтінішін қарау қорытындысы бойынша Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (КҚҚУ) Қанат Нұров кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтіру және мұндай жағдайлардың алдағы уақытта қайталанбауы мақсатында Бас Прокурорға жүгінді.
Бастапқыда 2024 жылдың сәуірінде кәсіпкер алаяқтықтың 10 эпизоды бойынша айыпталған болатын. 2025 жылдың қыркүйегінде оның 7 эпизод бойынша кінәсіз екені дәлелденіп, 3 эпизод бойынша ғана кінәлі деп танылды. Алайда ол эпизодтар бойынша қылмыстық жауапкершіліктен тікелей сот залында мерзімінің өтуіне байланысты босатылды және өзіне толық ақтау үкімін алу мақсатында кассациялық инстанцияға шағым түсірді.
Бизнес-омбудсмен қылмыстық, қылмыстық-процестік және конституциялық заңнамалардың өрескел бұзылғанын атап өтті. Бұл бұзушылықтар қылмыс құрамының болмауына қарамастан заңсыз қылмыстық қудалау жүргізуде, қылмыстық іс қозғаудың Бірыңғай тізілімінде тіркеудің болмауында, прокуратура қызметкерлерінің әрекетсіздігінде, әдейі әділетсіз сот шешімдерін шығаруда, сондай-ақ адамның кінәсі дәлелденбеген жағдайда оның бостандығына құқығын бұзуда көрініс тапқан.
Осының бәрін ескере отырып, Бизнес-омбудсмен аппараты Алматы қаласы мен Алмалы аудандық сотының судьяларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 418-бабы бойынша – әдейі әділетсіз үкім шығару фактісі үшін, сондай-ақ Алматы қаласы Экономикалық тергеулер департаментінің тергеушісіне және Алматы қаласы мен Алмалы аудандық прокуратурасының прокурорларына қатысты ҚР ҚК-нің 371-бабы бойынша – өз міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі үшін қылмыстық істер қозғауды қажет деп санайды.
Бизнес-омбудсмен қадағалау органдары мен соттардың ақтау үкімдерінің өте аз болуына алып келетін тәжірибесімен келіспейтінін білдіріп, қылмыстық сот ісін жүргізу саласында бақылауды күшейтудің қажеттілігін атап өтті.
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында сотқа дейінгі тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу арқылы қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізуді тапсырғанына қарамастан, қылмыстық істердің шамамен 97%-ы айыптау үкімімен аяқталады.
«Бұл сот талқылауының тәуелсіздігі мен объективтілігіне күмән тудырады, өйткені ақтау үкімін болдырмау мақсатында тергеу, прокуратура және сот арасындағы бейресми келісушілік процесуалдық тұрғыдан мүлде жол берілмейді. Кәсіпкерлер прокурорлардың ақтау үкімдерін шығаруға жол бермейтіндігіне шағымданады. Егер сотталушы ақталса, прокурор дәлелдердің жеткіліксіздігіне қарамастан автоматты түрде жоғары тұрған сотқа наразылық келтіреді. Себебі, жыл қорытындысы бойынша ол салалық бұйрыққа сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – деп түйіндеді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров өзінің Бас Прокурорға жолдаған өтінішінде.
Бизнес-омбудсмен құқық қолдану практикасында ғана емес, сонымен қатар ҚР Қылмыстық заңнамасында да айыптау бейімділігін айтарлықтай түзетуге шақырады. Осыған қарамастан, Жоғарғы Сот кассация кезеңінде Д. Квиташтың ісін ҚР ҚІЖК 485-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде аппеляциялық сатыға қайта қарауға жіберді, онда заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негізсіз үкім шығару немесе қылмыстық істі тоқтату негізсіз болып табылады деп тікелей жазылған. Негізсіз болса да айыптау үкімі және қылмыстық іс қозғау да кассациялық тәртіпте қайта қарауға негіз болуы керек. Алайда негізсіз айыптау үкімі мен қылмыстық істі қозғау да кассациялық тәртіппен қайта қараудың дәл сондай негіздері болуы тиіс.
Осыған байланысты, кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істі заңсыз қозғаған, оған прокурорлық және соттық қолдау көрсеткен құқық қорғау, қадағалау және сот органдарының барлық лауазымды тұлғалары әрдайым бұлтартпас тәртіпте жауапқа тартылуы қажет.
Өтініш сілтемесі:
https://ombudsmanbiz.kz/details/ndownload.php?fn=115&lang=rus





