Жаңалықтар

17.10.2025

Бизнес-омбудсмен фискалдық саясатқа белсенді қатысқаны үшін «Атамекен» ҰКП мен өз Аппаратына алғысын білдіреді

149

2025 жылғы 16 қазанда Мемлекет басшысы кәсіпкерлер қауымдастығының ұсыныстарын талдау нәтижесінде экономикалық реформалардың барысын азаматтардың мүддесіне сай ретке келтіруді тапсырды.

Осыған жауап ретінде Үкімет экономикалық реформалардың теріс салдарын азайту бойынша жедел шаралар қабылдады, соның ішінде жаңа Салық кодексінің шағын және орта бизнес қызметіне кері әсерін төмендету бағытында да жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, Үкімет оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға қатысты артық шектеулерді алып тастады. Тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесінде қолданыстағы заңнамаға ұқсас 44 қана қызмет түрі қалдырылды.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» жүргізіледі. Бұл микро және шағын бизнеске қатысты келесі шараларды көздейді:

  • салықтық тексерулердің күшін жою;
  • камералдық бақылаудың күшін жою;
  • мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сот органдарына талап-арыз беруді тоқтату;
  • тіркеуді немесе қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот органдарына талап-арыз беруді тоқтату.

Салық бойынша негізгі берешек сомасы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.

ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асып кеткен салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Сондай-ақ салық төлеушілерге арналған акция өткізіліп, камералдық бақылау мен салықтық тексерулерсіз салық органдарында және әділет органдарында есептен шығару рәсімі жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

Барлық осы шаралар жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізуге және салық төлеушілер үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Енді тек Үкіметтің 2025 жылғы 9 қазандағы Бизнес-омбудсменнің Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министріне жолдаған өтінішінде көтерілген мәселені – арнайы салық режимін (АСР) қолданатын шағын және орта бизнес субъектілерінен ірі бизнес тарапынан шығыстарды салықтық шегерімге қабылдамау проблемасын шешу ғана қалды. Бұл жағдай шағын бизнесті кемсітіп, олардың айналымның 4 %-ы мөлшерінде барлық салықтарды төлейтінін ескермейді».

Бизнес-омбудсмен Үкіметтің осы шешімдерін құптай отырып, салықтық әкімшілендіру саласында кәсіпкерлер көтерген мәселелерге мұқият назар аударғаны үшін Мемлекет басшысына шын жүректен алғыс білдіреді.

Бизнес-омбудсмен ерекше алғысын жалпы кәсіпкерлер қауымдастығына және әсіресе «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сондай-ақ Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қоғамдық және өңірлік өкілдері Штабына салықтық әкімшілендірудегі жинақталған мәселелерді шешуге қосқан үлестері үшін білдіреді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі