Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнес-омбудсмен NIS оқушыларына сынып сағатын өткізді
Ағартушылық қызмет аясында Бизнес-омбудсмен өскелең ұрпақпен кездесіп, мемлекет пен қоғамның құрылымы мен жұмыс істеу тетіктері туралы әңгімелейді.
2025 жылғы 8 қазанда Бизнес-омбудсмен Қанат ІЛияұлы Нұров Astana қаласындағы International Steppe School (NIS филиалы) оқушыларына «Құқықтық жүйе және көшбасшылық» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Сөз басында Бизнес-омбудсмен: «Бәлкім, бүгінгі кездесу менімен сіздердің өмірлеріңізді түбегейлі өзгертер, кейбіріңіз заңгер болуды қалайтын шығарсыздар», — деп атап өтті.
Ол мектеп және отбасы мысалдары арқылы мемлекет пен қоғамның өзара байланысы мен ықпалдастығын, ортақ құндылықтарды сақтау, өзара қарым-қатынас пен ережелер қалыптастыру маңыздылығын көрсетті.
Балаларға қоғам өміріндегі заңдардың рөлін қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндірді.

Сонымен қатар қоғам үшін рухани құндылықтардың және көшбасшының оларды қолдаудағы рөлінің маңызына ерекше назар аударылды.
Достық пен өзара көмектесу туралы әңгіме арқылы дамыған қоғам тақырыбы ашылды.

Кездесу мазмұнды және әсерлі өтті — оқушылар өмір мен саясаттан байқағандарын айтып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Балалардың жасаған қорытындылары әңгіме олардың санасына жетіп, пайдалы әрі терең болғанын көрсетті.
Қанат Нұров сыныпқа әділ қоғамның үлгісін көрсететін «Чиполлиноның бастан кешкендері» атты кітапты сыйға тартты.





