Жаңалықтар

16.10.2025

Бизнес омбудсмен: АСР субъектілерінің «жеңілдетілген» режиміндегі шығындарын бизнес тарапынан салықтық шегерімге жатқызбау мәселесін қайта қарау қажет

144

2025 жылғы 9 қазанда Қазақстанның Бизнес-омбудсмені Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министріне жолдаған өтінішінде кәсіпкерлік қоғамдастықпен қол жеткізілген өзара түсіністік салықтық әкімшілендірудің стратегиялық маңызды мәселелерінің басым бөлігін реттеуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) «Е-Тамға» жүйесі арқылы автоматтандырылған бақылауға енді тек бір ғана санаттағы субъектілер – жеткізілім көлемі расталмағандықтан ЭШФ-ны кері шақыртып алғандар ілігеді. Осыған байланысты, жеткізілім фактілеріне (әкімшілік тексеру жүргізбестен) мәмілелерді жарамсыз деп тану, сондай-ақ (азаматтық тарату процесінен өтпестен кәсіпорындарды жарамсыз деп тану) тәжірибесі барынша азайтылады. Қазіргі уақытта тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізудің соңғы кезеңі жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік шегерімдер бойынша жеке табыс салығын өткен кезеңдерге кері есептеу туралы норма алынып тасталды.

Сонымен бірге, Бизнес-омбудсмен микро және шағын бизнес (МШБ) субъектілерімен арнайы салықтық режимді (АСР) қолдана отырып жұмыс істеу кезінде ірі бизнес тарапынан шығындарды салықтық шегерімге қабылдамау мәселесінің сақталып отырғанына назар аударады.

Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін (ЖБТ) қолданатын заңды тұлғалар үшін АСР негізінде жұмыс істейтін МШБ субъектілерімен ынтымақтастық экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып отыр. Мұндай қарсы тараптардан тауарлар (өнімдер, жұмыстар немесе қызметтер) сатып алуға жұмсалған шығындар корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу кезінде шегерімге жатқызылмайды.

Нәтижесінде АСР қолданатын шағын бизнес субъектілері орта және ірі бизнес арасынан серіктестер табуда қиындықтарға тап болады немесе олар үшін ауыртпалық болып табылатын жалпыға бірдей тәртіпке (ЖБТ) көшуге мәжбүр болады.

«Мұндай тәсіл экономикалық байланыстардың үзілуіне және іскерлік ортаның бытырауына алып келеді, іс жүзінде экономиканы екі оқшауланған сегментке бөледі: серіктестер таңдау мүмкіндігі шектеулі шағын бизнес және салықтық оңтайландыруға бағытталған ірі бизнес. Бұл өз кезегінде іскерлік белсенділіктің төмендеуіне, шағын кәсіпорындар санының қысқаруына, бәсекелестіктің әлсіреуіне және жекелеген салалардың тұралап қалуына әкелуі мүмкін», — деп есептейді Қанат Нұров.

Шағын бизнесті жүйелі қолдау шараларынсыз мұндай шектеулерді енгізу кәсіпкерлердің көлеңкелі секторға кетуіне себеп болуы мүмкін.

Бірақ ең маңыздысы – бұл норма құқықтық қағидаттарды бұзып, микро және шағын бизнеске қатысты кемсітушілік тудырады, ал артықшылық ірі компанияларға беріледі. АСР негізінде жұмыс істейтін қарсы тараптармен жасалған мәмілелер бойынша нақты шығындар – контрагент қолданатын салықтық режимге қарамастан, шегерімге жатқызылуға тиіс нақты шаруашылық шығындар болып табылады.

Сонымен қатар, жеңілдетілген режимдегі контрагенттермен мәмілелер бойынша шығындарды шегерімге жатқызуға тыйым салу іс жүзінде бір мәміледен екі рет салық төлеуге алып келеді. АСР қолданатын кәсіпкер айналымның 4%-ы мөлшерінде салық төлейді, ал жалпы белгіленген режиммен тәртіппен (ЖБР) жұмыс істейтін сатып алушы шегерім құқығы болмағандықтан, сол сомаға қайтадан салық төлейді.

Келтірілген дәлелдерді ескере отырып, Бизнес-омбудсмен аталған норманы өзгерту немесе оны енгізу үшін өтпелі кезең көздеуді ұсынады. Бұл микро және шағын бизнес субъектілеріне жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндік берер еді.

Олай болмаған жағдайда, оның пікірінше, «жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін қолданылатын ЭҚЖЖ бойынша тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімін неғұрлым мұқият қарастыруға тура келеді, өйткені шектеулердің кеңеюі мен рұқсат етілген қызмет түрлерінің тарылуы әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады».

«Тыйым салынған» қызмет түрлерінің тізімін шамадан тыс кеңейту кәсіпкерліктің дамуына тежеу әсерін тигізеді.

Бизнес-омбудсмен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдігімен бірге арнайы салық режимін қолдануға тыйымды тек жоғары тәуекелді қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне ғана сақтау қажеттігін қолдады. 

Хатқа сілтеме:
https://ombudsmanbiz.kz/details/ndownload.php?fn=114&lang=rus

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі