Жаңалықтар

06.10.2025

Бизнес-омбудсмен Аппаратының жаңа Ережесі «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимылдағы олқылықтарды жояды

30

2025 жылғы 19 қыркүйекте Бизнес-омбудсмен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкіл (КҚҚУ) Аппараты туралы жаңа Ережені бекітті.

Жаңа Ереже қолданыстағы Бизнес-омбудсменнің алғашқы ішкі нормативтік құжаты (ІНҚ) ретінде заңнама талаптарына сәйкес «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) Басқармасымен келісілді.

КҚҚУ жүйедегі дербес институт ретінде қабылдайтын барлық кейінгі ІНҚ келісуді қажет етпейді, ал КҚҚУ-ға қатысты ҰКП-ның ІНҚ тек ұсынымдық сипатта болады.

Жаңа Ереженің қабылдануы Уәкіл мен ҰКП аппараттарының өзара іс-қимылындағы бірқатар олқылықтарды жаңадан тағайындалған Бизнес-омбудсмен анықтағаннан кейін қажет болды.

КҚҚУ – бұл кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін тікелей Мемлекет басшысы тағайындайтын және тек соған ғана бағынатын тәуелсіз лауазымды тұлға.

Сонымен бірге, оның қызметін толыққанды қамтамасыз ету мақсатында Бизнес-омбудсмен институты ҰКП жүйесіне енгізілген, бұл өз кезегінде жаңа Ережемен реттеуді талап еткен белгілі бір қайшылықтарды туындатқан.

Сондықтан Кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі Бизнес-омбудсменнің Стратегиясында (Стратегия) КҚҚУ институтын ҰКП жүйесінде ұйымдастырушылық тұрғыдан дербестендіру көзделді. Бұл екі институттың өзара іс-қимылын неғұрлым тиімді жолға қоюға және олардың қызметін одан әрі табысты синергия мен интеграцияға бағыттауға мүмкіндік береді.

Енді КҚҚУ Хатшылығы толығымен және тікелей Бизнес-омбудсменнің қарамағына өтті, оған Хатшылықтың штаттық қызметкерлерін дербес түрде қабылдау құқығы берілді.

Сонымен қатар, бұрынғыдай ҰКП департаменттерінің (кәсіпкерлердің құқықтарын құқықтық қорғау, бизнес реттеу және заңнама жөніндегі) ҰКП мен КҚҚУ-ға бір мезетте қос бағыныстылығы алынып тасталды. Оның орнына енді ҰКП-ның барлық құрылымдық бөлімшелері Бизнес-омбудсменмен функционалды түрде, ҰКП Басқарма төрағасының тиісті орынбасарларының жетекшілігімен өзара іс-қимыл жасайтын болады.

Бизнес-омбудсмен Аппараты қазір мыналардан тұрады:

  • КҚҚУ Хатшылығы;
  • КҚҚУ өңірлік өкілдері – Өңірлік кәсіпкерлер палаталарындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту секторларының меңгерушілері;
  • КҚҚУ Қоғамдық өкілдер штабы (кеңесшілер мен көмекшілер).

Бүгінде Қоғамдық өкілдер штабы бизнес құқықтарын қорғау мақсатында салық, кеден, бәсекелестік және өзге де құқық салаларын талдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Бизнес-омбудсмен Аппараты басшысының функциялары бұрын ҰКП лауазымды тұлғасына тиесілі болса, енді КҚҚУ Хатшылығының меңгерушісіне берілді.

ҰКП тарапынан міндетті қаржыландыру деңгейі бекітілді және Бизнес-омбудсменге бөлінген бюджет шегінде дербестік берілді.

Сонымен қатар, Бизнес-омбудсмен енді өз қызметін жүзеге асыру мақсатында ұйымдар мен тұлғаларды тарту бойынша бұйрықтар, өкімдер және шарттарға қол қою құқығына ие болды.

Осылайша, КҚҚУ тағайындалғаннан кейін бір жыл өткен соң, Бизнес-омбудсмен институтының ҰКП жүйесіндегі дербестігін бекіту және оның өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі Стратегияның тактикалық мақсаты толық орындалды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікті қорғау саласындағы жүйелі мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі