Жаңалықтар

19.09.2025

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратында трансшекаралық төлем қабілетсіздігі туралы Үлгілік заңның қағидаттарын ұлттық құқыққа енгізуді ұсынады

170

2025 жылғы 16 қыркүйекте Ресейдің Антикризистік басқару кәсіби мамандарының ұлттық одағы және Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы (Қазақстан) аясында «Салтанатты ассамблея» атты Алматы халықаралық антикризистік конгресі өтті.

Қазақстандағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Аппаратының атынан конгреске Бизнес-омбудсменнің кеңесшісі Сафарәул Йылмаз қатысты.

Ол «ТМД елдерінің өзекті құқық қолдану тәжірибесі және трансшекаралық төлем қабілетсіздігі туралы заңнаманың даму үрдістері» атты сессияда баяндама жасады.

Жаһандану жағдайында және Қазақстанның халықаралық экономикаға қатысуы аясында ұлттық заңнаманы жетілдіру әлі де өзекті болып отыр. Қазіргі кезде бірқатар құқықтық олқылықтар бар, соның ішінде қарыз алушылардың қызметі бірнеше юрисдикцияны қамтыған жағдайда төлем қабілетсіздігі рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін құқықтық тетіктердің жоқтығы да бар.

С. Йылмаз атап өткендей, қазіргі уақытта банкроттық тек ұлттық құқық бойынша құрылған субъектілерге ғана реттеледі.

«Қазақстан заңнамасында шетелдік заңды тұлғалардың банкроттығы көзделмеген, дәл сол сияқты қазақстандық компаниялардың шетелде банкротқа ұшырауы да қарастырылмаған», – деп атап өтті спикер.

Бұл шетелдік компанияның Қазақстанда филиалы немесе өкілдігі болған күннің өзінде де оның төлем қабілетсіздігі ісін қозғау мүмкін еместігін білдіреді, ал шетелдік соттардың қазақстандық компанияларды банкрот деп тану туралы шешімдері еліміздің аумағында мойындалмайды.

Ал қазіргі таңда (БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) әзірлеген) трансшекаралық төлем қабілетсіздігі туралы Үлгілік заң бар, оның ережелерін Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Австралия, Канада сияқты 40-тан астам ел қабылдаған.

Осыған байланысты спикер ЮНСИТРАЛ Үлгілік заңының қағидаттарын имплементациялауды ұсынды. Құқықтық жүйені халықаралық тәжірибемен үйлестіру ең алдымен кредиторлардың құқықтарын қорғауға және активтердің әділ бөлінуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде ТМД-ның «Трансшекаралық төлем қабілетсіздігі және банкроттық туралы» модельдік заң жобасын әзірлеу жөніндегі ұсыныс конгресс Резолюциясына енгізілді.

Алдағы уақытта Бизнес-омбудсмен Аппараты осы жұмысқа қатысатын болады.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі