Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Қанат Нұров «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды
Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалды.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, медаль Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, қазақстандық қоғамдағы келісім мен тұрақтылыққа, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, конституционализм идеялары мен қағидаттарының қалыптасуы мен дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарға табысталады.
2024 жылы тағайындалған сәтінен бастап Бизнес-омбудсмен заңнаманы, соның ішінде корпоративтік және бәсекелестік құқықты жетілдіру бойынша бірқатар бастамалар көтерді.
Оның Салық кодексі жобасын әзірлеуге қатысуының нәтижесінде ЖТС-ты (жеке табыс салығын) ретроспективті түрде қайта есептеу алынып тасталды. Қазіргі уақытта ол салықтық әкімшілендіру жүйесін әзірлеуге қатысуда.
Бизнес-омбудсменнің ұстанымы бизнесті Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатыстылығы жөніндегі айыптаулардан босатуға бағытталған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 72-НҚ нормативтік қаулысының негізіне алынды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі Бизнес-омбудсмен Стратегиясын іске асырудың практикалық нәтижелері заңнамалық өзгерістерді әрі қарай бастамашылық ету, реттеуші саясатты әзірлеуге қатысу және құқық қолдану тәжірибесіне тұрақты мониторинг жүргізу болмақ.