Жаңалықтар

15.09.2025

Жеке табыс салығына кері есептеу жүргізілмейді

243

Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Аталған түзетулерге сәйкес Салық кодексінде жеке табыс салығын (ЖТС) ретроспективті есептеу алынып тасталды. Бұл өзгеріс салық төлеушілердің жағдайын нашарлатпайды. Заңның кері күші болмайды және ол тек қабылданған күннен бастап қолданылады.

ЖТС бойынша шегерімдердің ретроспективті қайта есептеуін қолданыстағы Салық кодексіне енгізу жөніндегі норманы алып тастау мәселесін Сенат Парламентінде заң жобасын қабылдау сатысында қорғап қалу мүмкін болды.

Осыған байланысты Салықтар саласында кәсіпкерлер мен сарапшылар қауымдастығының пікірін ескергені үшін Сенатқа, оның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетіне және жеке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевқа алғысымызды білдіреміз.

Қазақстан бухгалтерлері мен аудиторлары Альянсы» ЗТБ Басқарма Төрайымы Альмира Шарафутдинова аталған бастаманы қолдаған барлық азаматтарға алғысын өзінің Instagram парақшасында білдірді: https://www.youtube.com/watch?v=LOP8eDGbSQI

Аталған тақырыпқа қатысты материалдармен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://cdb.kz/sistema/novosti/o_retrospektivnykh_izmeneniyakh_po_ipn_i_nds_s_1_yanvarya_2025_goda_v_tekushchiy_nalogovyy_kodeks/

 

 

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі