Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңесте инвесторлардың проблемалары қаралды
Талғат Дүсековтың төрағалығымен «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңесте «Астана қаласында инвестициялық ахуалды жақсарту мәселесін талқылау» атты күн тәртібімен отырысы өтті.
Отырысқа қалалық құрылымдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты (қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қала сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС, «ӘКК «Astana» АҚ, «Астананы дамыту орталығы» ЖШС, «Астанагенжоспар» ҒЗИ» ЖШС).
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Аппараты атынан іс-шараға Бизнес-омбудсменнің кеңесшісі Сафароул Йылмаз қатысты.
Кеңес отырысы инвестициялық ахуалды жақсартуға жүйелі көзқарастың маңыздылығын растады. Инвесторлардың негізгі проблемалары – мемлекеттік қызметтердің дер кезінде көрсетілмеуі, әкімшілік кедергілердің көптігі, инвесторларға толыққанды құқықтық сүйемелдеу тетігінің болмауы, іске қосу кезеңінде тиімді қолдау алу қажеттілігі – барлық мүдделі құрылымдардың үйлестірілген әрекеттерін талап етеді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру шаралары Астана қаласының инвестициялық орталық ретінде тартымдылығын арттыруға және кәсіпкерлерді ұзақ мерзімді қолдауды қамтамасыз етуге негіз қалайды.
Кеңес төрағасы Талғат Дүйсеков инвестициялық ахуалды жақсарту процесіне бизнестің белсенді қатысуының және инвесторлар мәселелерін кешенді түрде шешудің маңыздылығын атап өтті.
«Елдегі инвестициялық ахуалдың тартымдылығын айқындайтын ең маңызды фактор – жұмыс істейтін құқықтық жүйе. Өткен жылы бізге шамамен 4 мыңға жуық өтініш келіп түсті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12%-ға аз. Шағымдардың төмендеуіндегі оң динамиканы біз қабылданған шаралардың нәтижесімен байланыстырамыз. Елдің реттеуші саясатын қоса алғанда, заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл бізге заң шығармашылық деңгейінде нормативтік құқықтық актілерді сапалырақ пысықтауға мүмкіндік береді», – деді С. Йылмаз.
Отырысқа қатысушылар пікір алмасып, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Кездесу қорытындысы бойынша елорданың инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.