Жаңалықтар

28.08.2025

Құрметті отандастар, әріптестер, достар!

166

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Негізгі Заңы – мемлекетіміздің берік тұғыры, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мызғымас кепілі, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігінің сенімді қорғаушысы болып келеді.

Осы жылдар ішінде Қазақстан бизнестің дамуына қолайлы құқықтық орта қалыптастыру жолында ауқымды істер атқарды. 2016 жылы Бизнес-омбудсмен институтының құрылуы – іскерлік ахуалды жеңілдетуге және Конституцияның 26-бабында айқындалған кәсіпкерлік еркіндігі құқығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік реформалардың маңызды бөлігі болды. Содан бері мыңдаған кәсіпкерлер өз құқықтарын қорғауға және қажетті қолдау алуға мүмкіндік иеленді.

Бүгінде өз миссиясын жалғастыра отырып, Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлер үшін конституциялық кепілдіктердің берік сақталуын қамтамасыз етіп, құқықтық айқындық пен жеке бастаманың басымдығын қорғап келеді.

2025 жылы Конституциялық Сотпен бірлескен өзара іс-қимылдың нәтижесінде бизнесті ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар деген айыптаулардан арылтуға бағытталған маңызды шешім қабылданды. Бұл қадам қылмыстық заңнаманың Конституция талаптарына сәйкестігін нығайтып, кәсіпкерлікке төнген тәуекелдерді жоюға жол ашты.

Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы әрдайым мемлекетіміздің және ұлттық бизнестің тұрақты дамуы жолындағы сенімді бағдаршам болып қала берсін! 

Құрметпен,
Қанат Нұров
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі