Жаңалықтар

08.08.2025

Мемлекет басшысы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады

188

Бизнес-омбудсмен Мемлекет басшысына 2024 жылғы жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

Қанат Нұров 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 3,8%-ға артып, 2,26 млн-ға жеткенін атап өтті.

2024 жылы ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4,42 миллион адамды құрады, бұл 2023 жылғы 4,33 миллион адаммен салыстырғанда 2,2%-ға артты.

ШОБ-тың негізгі капиталға салған инвестиция көлемі 31,5%-ға өсіп, 13,7 трлн теңгеге жетті.

2024 жылы ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесі 39,7%-ды құрады, бұл 2023 жылғы 36,5%-бен салыстырғанда 8,8%-ға артық.

ШОБ шығарған өнім көлемі 81,9 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылғы 68,7 трлн теңгемен салыстырғанда 19,2%-ға артты.

Кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдарының саны 12%-ға азайғаны байқалады, бұл ең алдымен Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстің (ӘРПК) тиімділігімен байланысты.

3275 өтініштің ішінен жартысынан астамы (1759 немесе 53,7%) оң шешімін тапты. Бизнес-омбудсменнің араласуы нәтижесінде кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, 20 млрд теңгеден астам шығынның алдын алынды.            

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында негізгі назар бизнестің артық әкімшілік кедергілерін анықтап, оларды жоюға аударылды. Осыған байланысты мемлекет басшысы жариялаған жеке бастаманы қолдау және экономиканы либералдандыру жөніндегі жаңа экономикалық саясатты ескере отырып, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл «Атамекен» ҰКП және Президент Әкімшілігімен келісілген Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын бекітті.

Бизнес-омбудсмен заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар бастама мен ұсыныс білдірді. Стратегиялық бастамалар қатарында – бизнеске қатысты реттеуді күшейтетін, әсіресе салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы депутаттық бастамаларға реттеушілік әсерді талдауды кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнеске қатысты тексерістері мен тергеп-тексерулерін міндетті түрде әкімшілік актімен аяқтауды және барлық әкімшілік рәсімдерді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен үйлестіруді көздейтін әкімшілік әділетті одан әрі дамыту мәселелері бар.

Денсаулық сақтау министрлігі зертханалық диагностиканы медициналық көмек түріне жатқызу бастамасын қолдады. Бұл зертханаларға корпоративтік табыс салығынан босатылу құқығын берді. Сонымен қатар, екі немесе одан да көп баламасы бар дәрілік заттарды шекті бағалардан шығару шарасы қабылданып, олардың тапшылығы жойылды және бағасы айтарлықтай төмендеді.

Энергетика министрлігіне ішкі нарықты қорғау мен бизнестің экспортқа шығу құқықтарын теңгерімді қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдері нарығындағы кедергілерді жою бойынша ұсыныстар жолданды.

Бизнеске құқықтық қолдау көрсету аясында жекелеген істер бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және Бас прокуратураға бірқатар өтініш жолданды. Олардың қатарында мемлекеттік сатып алудағы тендерлік бағалардың нарықтық бағалардан асып кетуі есебінен кәсіпкерлердің заңды табысын қылмыстық сипаттан арылту мәселесі де бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бизнес-омбудсменнің есебін қабылдап, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шараларын одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап өтті және Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын іске асыру аясында жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан Республикасының Президентіне 2024 жылғы жұмыс нәтижелері туралы баяндаманың таныстырылымы

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі