Жаңалықтар

05.08.2025

Бизнес-омбудсмен «Атамекен» ҰКП жанындағы Кәсіпкерлікті ШОБ дамыту комитетінің төрағасымен жүйелі салық мәселелерін талқылады

193

2025 жылғы 1 тамызда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Нұров Қанат Ілияұлы пен «Атамекен» ҰКП Президиумының мүшесі — Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Карин Сәкен Әбуханұлының жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлерге ортақ салық заңнамасы, салық салу және салықтық әкімшілендіру саласындағы өткір әрі жүйелі мәселелер талқыланды. Негізгі тақырыптар қатарында: камеральдық бақылау жүйесінің ашық еместігі, қосылған құн салығын қайтарудан формалды түрде бас тарту, салық органдары тарапынан жүйелі заңсыз талаптар, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі ашықтықтың болмауы мен техникалық ақаулар, әкімшілік даулардағы формализм.

Сәкен Карин кәсіпкерлердің, салық консультанттарының өтініштері мен сот және әкімшілік практикаға жүргізілген талдау негізінде әзірленген өзекті мәселелер тізімін Уәкілге ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Бизнес-омбудсмен бірқатар проблемалық мәселелерді қарастыруда, соның ішінде құзырлы мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігін қоса алғанда, қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу сындарлы сипатта өтіп, кәсіпкерлік қауымдастық пен Бизнес-омбудсмен институты арасындағы диалогты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі