Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Жаңа Салық кодексінде Жеке табыс салығын (ЖТС) кейінге шегеріп (өткен уақытқа) қайта есептеу қарастырылмаған
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Заң) жобасы қаралған кезеңде Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қолдауымен қорғап қалынды.
Заң 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді және өткен кезеңге (ретроспективті) қолданылатын нормаларды, оның ішінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзгерістерді алып тастайды.
Сондай-ақ, жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша:
- Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтын кірістер тізбесі толықтырылды:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жұмыс беруші аударатын міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
- Автономды білім беру ұйымы шынайы түрде берген мүліктік пайда, оны шетелдік тұлға — резидент алған жағдайда, егер бұл тұлға осы автономды білім беру ұйымының қызметкері болып табылса немесе осы ұйым үшін жұмыс орындаса, қызмет көрсетсе, не болмаса мұндай ұйым үшін жұмыс орындайтын, қызмет көрсететін, және бұл қызметтерді тікелей орындайтын резидент еместің қызметкері болса;
- Резидент жеке тұлғаның кірістерінен агент өз қаражаты есебінен ұстамай төлеген міндетті зейнетақы жарналары.
2) Жеке тұлғаның салық салу кезінде түзетуге жататын кірістері тізбесі толықтырылды:
- Жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысы – жылына 282 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) шегінде;
- 16 жасқа толмаған балаларға арналған сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар құны;
3) Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) шарты бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен ұсталған әлеуметтік аударымдар бойынша салық шегерімі енгізілді. Бұл шегерім салық агентінде қолданылады;
4) Төмендегілер бойынша тәртіп нақтыланды:
- Салық агентіне тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде төлем көзі арқылы салық салынатын кірісті айқындау тәртібі;
- Салық агентінде бір жеке тұлғаға қызметкердің табысы және тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету түріндегі кірістер бойынша төлем міндеттемесі болған жағдайда, стандартты салықтық шегерімдерді қолдану тәртібі;
- Жеке тұлғаның өтініші негізінде салық агентінде өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын қолдану тәртібі.
5) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналары бойынша салықтық шегерімді жеке тұлғаның өзі қолданатын мерзімі (күні) айқындалды;
6) Көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерімнің мөлшері өзгертілді. Ол күнтізбелік жыл үшін 282 АЕК-тен аспайтын мөлшерде, ата-аналардың екеуіне біріктірілген түрде төмендегі тәртіптердің бірінде қолданылады:
- көп балалы отбасының бір ата-анасы үшін – ай сайын 23,5 АЕК;
- көп балалы отбасының әр ата-анасы үшін – ай сайын 11,75 АЕК;
7) Салықтық шегерімдерді қолдану туралы жеке тұлғаның өтінішінің бекітілген нысаны алынып тасталды;
8) Жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтама салық агентімен жеке тұлғаның талабы бойынша еркін нысанда беріледі. Онда келесі міндетті реквизиттер көрсетілуі тиіс:
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналары;
- стандартты салықтық шегерімдер;
- азаматтық-құқықтық шарттар (АҚШ) бойынша ұсталатын әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық шегерім;
- өзге салықтық шегерімдердің алдын ала сомасы.