Жаңалықтар

28.07.2025

Бизнес-омбудсмен салықтық әкімшілендіруді жетілдіруді талап етеді  

63

2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және оған ілеспе «Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 

Осыған байланысты аталған күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында жаңа Салық кодексі талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин және Қаржы министрлігінің өкілдері қатысты.

Өткен жылы Бизнес-омбудсмен Қанат Нұров Кодексті жетілдіру мақсатында оның қабылдау мерзімін 2025 жылдың соңына дейін кейінге қалдыру бастамасын көтерген болатын. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолдады.

Қанат Нұровтың айтуынша, салық саясаты бөлігінде қабылданған Кодексте барлық мәселелер бойынша ымыралы шешімдер ескерілген. Дегенмен, әлі де қосымша пысықтауды талап ететін мәселелер бар.

«Салықтық әкімшілендіруге қатысты барлық мәселелерді біз заңнамаға келесі түзетулер пакеті аясында реттейтін боламыз деп ойлаймын», – деп атап өтті ол.

Бизнес-омбудсмен үш даулы төмендегі мәселені атап өтті:

- Бұл – шағын және орта бизнеске қысым жасауы мүмкін қосылған құн салығын алдын ала төлеу талабы;салық органдары тарапынан мәмілелерді азаматтық істер шеңберінде, яғни нақты фактілерді тексерусіз, әкімшілік әділет шеңберінен тыс жарамсыз деп тану тәжірибесі; сондай-ақ, Азаматтық кодексті бұза отырып, заңды тұлғаларды тарату рәсімінсіз тіркеуінің жарамсыз деп танылуы арқылы жою.

Сонымен қатар, түсіністік пен шешуді талап ететін маңызды мәселе – арнайы салық режимін қолданатын ШОБ субъектілерінің шығыстарының шегерімге жатқызылмауы, бұл да шағын және орта бизнеске теріс әсер етеді. 

Бизнес-омбудсменнің қорытындылауынша, салықтық әкімшілендіруге қатысты «ашық» мәселелер бойынша жұмысты заңнама деңгейінде жалғастыру қажет. 

«Бизнес-омбудсменнің хаттары» бөліміндегі сілтеме

(Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Салық кодексінің жобасы бойынша ұсыныстар жөніндегі ашық хат – 09.06.2025):

https://ombudsmanbiz.kz/rus/otkr_pismo/

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі