Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнес-омбудсмен Салық органдарының тексерулерінің заңдылығына қатысты Бас прокуратураға жүгінді
Қазіргі уақытта кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттеріне қатысты негізделген шағымдардың саны артуда. Бұл үрдіс салықтық әкімшілендіру тетіктерінде жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетеді.
КҚҚУ Аппаратының пікірінше, мұндай жағдайдың негізгі себептерінің бірі – тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) критерийлерінің құпия сақталуы. Бұл кәсіпкерлерге өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметі барысында тәуекелдерін өз бетінше бағалап, салықтық міндеттемелерін адал орындауға мүмкіндік бермейді.
Нәтижесінде, критерийлердің жабықтығы салық салудың айқындылық және ашықтық қағидаттарына қайшы келеді. Ал мемлекеттік саясаттың басты бағыты қысым көрсетуді күшейту емес, керісінше, салықтық тексерулер санын азайту және салықтық әкімшілендірудің алдын алу, ескерту шараларына көшу болуы тиіс.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда кәсіпкерлік субъектілерін ерекше тәртіппен тексеру кестесіне енгізу бөлігінде мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сот актілерінің, соның ішінде Жоғарғы Соттың да шешімдері бар (2022–2025 жылдар аралығындағы кезең бойынша).
Негіз ретінде салық төлеушіге қатысты жүргізілген талдау барысында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызуға пайдаланылған есептеулердің нақты көрсеткіштердің болмауына және көрсетілмеуіне байланысты дұрыс деп танылмайтыны туралы қорытындылар алынды. Сонымен қатар, салыстыру салалық ерекшеліктерді ескермей жүргізіледі.
Осы орайда, Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) цифрлық көрсеткіштерді қалыптастыру ықтимал сипатта екенін, сондай-ақ бұл тәртіптің өзі де нысаналы оқиғаның орын алу ықтималдығын ғана айқындайтынын растады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) тексерулер кестесін қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген әкімшілік рәсімді қозғаған жоқ.
Салықтық тексеруге іріктеу үшін салық төлеушілердің тәуекел дәрежесін бағалау құпия ақпарат болып табылмайтын критерийлер бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына және құпия ақпарат болып табылатын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін бекіту туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 592-ДСП бұйрығына (Бұйрық) сәйкес жүзеге асырылды.
Осыған байланысты аталған Бұйрықтың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпегені және тиісінше заңдық күші жоқ екені анықталды.
Осы негізде КҚҚУ Бас прокуратураға аталған Бұйрықтың қолданылуының заңдылығын, сондай-ақ ол қол қойылған сәттен бастап шығарылған барлық сот актілерін тексеру туралы өтінішпен жүгінді. Бұл жүргізілген тексерулердің заңдылығын және олардың кәсіпкерлерге ықпалын бағалау үшін қажет.
Аталған жұмыс аяқталғаннан кейін сайтта қосымша ақпарат жарияланатын болады.