Жаңалықтар

11.07.2025

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілдің кеңесшісі тағайындалды

197

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілдің кеңесшісі қызметіне Сафарауль Йылмаз тағайындалды.

Сафарауль Йылмаз Нархоз университетін «құқықтану» мамандығы бойынша (әкімшілік-қылмыстық құқық және конституциялық құқық бағыттары) аяқтаған. «QAINAR» академиясында құқық магистрі дәрежесін алған.

Әр жылдары ол «Қазақстанда түрме реформасына жәрдемдесу» қоғамдық қорында жетекші маман, Мәжіліс депутатының көмекшісі, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігінде төраға орынбасары қызметтерін атқарған.

Сауда және кәсіпкерлік саласында тәжірибесі бар.

«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілдің Хатшылығын басқарған.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі