Жаңалықтар

13.05.2025

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы адам құқықтарын қорғау туралы меморандумға қол қойылды

56

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Артур Ермекұлы Ластаев пен Қанат Ілиясұлы Нұров қол қойды. 

Келісімнің мақсаты – Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын күшейту, олардың заңды мүдделерін қолдау және құқықтарды қорғау мәселелерінде ашықтықты қамтамасыз ету. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  • Адам және азамат құқықтарының бұзылуына байланысты кәсіпкерлердің өтініштеріне бірлесіп ден қою;у;
  • Өзекті ақпаратпен және талдамалық деректермен алмасу арқылы мәселелерді жедел шешу;
  • Семинарлар, тренингтер, ақпараттық науқандар секілді ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Әдістемелік ұсынымдар мен ақпараттық материалдарды әзірлеу. 

Құжатқа қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

“Біз азаматтар мен кәсіпкерлердің мәселелеріне жедел әрекет етуге және елдегі бизнес дамуына қолайлы ахуал қалыптастыруға өзара іс-қимылымыз ықпал етеді деп сенеміз. Бұл ретте адам құқықтарын қорғау саласындағы стандарттар қатаң сақталуы тиіс,” – деді Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ермекұлы Ластаев.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі