Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Құрметті отандастар, әріптестер, достар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын!
Бүгінде бұл мейрам өз елін, отбасын, ұжымын, ортақ істі қорғап, қолдайтын барша азаматтарға ортақ.
Қиын сынақтар кезеңінде азаматтық борышын абыроймен атқарып жүргендердің еңбегін жоғары бағалаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық пен еңбекте табыс тілеймін!
Құрметпен, Қанат Нұров