Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
ЖТҚБ өкілі Бизнес-омбудсменнің жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі Public Talks Стратегиясы туралы айтып берді
Назарбаев Университетінде жас кәсіпкерлікті дамытуға арналған Public Talks форматындағы ашық пікірталас өтті. Іс-шараны «Республикалық жас кәсіпкерлер лигасы» ұйымдастырды – бұл Назарбаев Университетімен және NU Business Club-пен бірлесіп, Қазақстандағы жас кәсіпкерлерді қолдауға және біріктіруге бағытталған жаңа тәуелсіз платформа.
Кездесуге 1300 қатысушы жиналды, олардың арасында кәсіпкерлер, инвесторлар, сарапшылар, мемлекеттік қызметкерлер мен БАҚ өкілдері бар. Спикерлер жас кәсіпкерлердің негізгі мәселелерін көтеріп, Лиганың қолайлы бизнес-орта қалыптастыру бойынша жоспарларымен бөлісті.
Іс-шараның ашылу рәсімінде «Republican League of Young Entrepreneurs» төрағасы Мерхат Жылқыбаев Лиганың мақсаттары мен қызметін таныстырды:
«Лига – бұл жас кәсіпкерлер қолдау ала алатын, тәжірибе алмасатын және мемлекетпен тиімді диалог орнататын алаң. Біз бизнеске нақты мәселелерді шешуге көмектесеміз, әкімшілік кедергілерді азайтамыз және даму мүмкіндіктерін кеңейтеміз», – деп атап өтті ол.
Лиганың негізгі қызмет бағыттары:
✔ Стартаптар мен шағын бизнесті қолдау
✔ Білім беру бағдарламалары мен тәлімгерлік
✔ Мықты кәсіпкерлер қауымдастықты құру
✔ Жас бизнестің мәселелерін талдау және бастамаларды ілгерілету
✔ Халықаралық байланыстарды дамыту және қазақстандық жобаларды жаңа нарықтарға шығару
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл хатшылығының меңгерушісі Йылмаз Сафарауль мемлекеттік органдармен бірлесіп жас кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелерді талдауға бағытталған зерттеу жүргізу бастамасын ұсынды:
«Біз жас кәсіпкерлердің дамуына қандай кедергілер әсер ететінін жан-жақты зерттейміз. Бұл жай ғана талдау емес, жасалған жұмыс нәтижесінде неғұрлым қолайлы бизнес-ортаны құруға көмектесетін нақты ұсыныстарды қамтитын аналитикалық есеп дайындалады».
Сонымен қатар, Лига 3000-нан астам жас кәсіпкер өз мәселелері мен ұсыныстарын сарапшылармен талқылай алатын аймақтық кездесулер жоспарлап отыр.
Public Talks кездесуі жас кәсіпкерлердің Қазақстан экономикасының басты қозғаушы күші екенін дәлелдеді. Алайда олардың тұрақты дамуы үшін қолдау, инвестицияларға қолжетімділік және мемлекетпен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесі қажет.
Республикалық жас кәсіпкерлер лигасы жас кәсіпкерлерді қолдау, білім беру бағдарламаларын дамыту және кәсіпкерлік қауымдастықты нығайту бойынша жұмысын жалғастырады.