Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Құрметті отандастар, әріптестер, достар!
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның Бизнес-омбудсмені ретінде бұл мерекені ерекше сезіммен қабылдаймын, өйткені Наурыз – жаңа бастамалар мен жақсы өзгерістердің символы.
Менің көзқарасым кәсіпкерлікті тұтастай қорғауға негізделген. Бұл әр кәсіпкерді жеке қорғаудан әлдеқайда тиімдірек. Осы тәсілдің өз нәтижесін беретініне сенемін.
Құқықтық ортаны трансформациялау және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Стратегиямды жүзеге асырудағы қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін! Қуаныш пен өркендеу тілеймін!
Ізгі ниетпен, Қанат Нұров