Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Мемлекет ешқандай сылтаумен жеке бизнеспен бәсекелеспеуі тиіс – Бизнес-омбудсмен
2025 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров CFO SUMMIT KAZAKHSTAN 2025: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА ҰМТЫЛУ шарасына қатысты.
Ол «Қазақ арман экономикасының жасаушылары мен тұтынушылары» атты панельдік сессияда сөз сөйледі.
Талқылау барысында мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуы мәселесіне тоқталған Бизнес-омбудсмен бұл проблеманы шешу үшін бірқатар шараларды атап өтті.
Осы мәселені шешудің басты шарасы ретінде Қанат Нұров қайта реттеу жұмыстарын жүргізуді ұсынады:
- Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) үшін түбегейлі шара – бұл толық қайта реттеу жұмыстары. Ал содан кейін ғана тәртіп орнату жұмыстарын жүргізіп, жағдайдың қалай дамитынын түсінуге тырысу керек. Өйткені бізде мемлекеттің реттеуі мен қатысуы тым көбейіп кетті.
Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тек инфрақұрылымдық салаларға қатысты болуы тиіс, ал мемлекет ешқандай жағдайда жеке бизнеспен бәсекелеспеуі керек.
Осыған байланысты, оның пікірінше, «экономиканы либерализациялау жөніндегі Президент Жарлығы аясында соңғы қадам ғана қалды – ол квази-мемлекеттік секторға жеке сектормен бәсекелесуге тыйым салу».
- Квази-мемлекеттік кәсіпорындарды қанша жерден құра берсін, егер олардың жеке сектормен бәсекелесуіне тыйым салынса, ешқандай мәселе туындамайды, – деп Бизнес-омбудсмен өз ойын білдірді.
Сонымен қатар, бізде орындалмаған көптеген стандартты шаралар бар.
- Бізге тек креативті, серпінді жобалар ғана емес, мемлекеттік реттеуде тәртіп орнату қажет. Заңдарға ешқашан құқықтық емес нормалар енгізілмеуі тиіс. Өкінішке орай, кейде заңнамада құқықтық қағидаттарға сай келмейтін нормалар кездеседі. Яғни, заңда көрсетілген талаптар заңды болғанымен, олардың барлығы бірдей құқықтық негізде әділ деп айтуға келмейді, – деп Қ. Нұров атап өтті.
Мысалы, салықтарды есептеу қағидаты тек бір жақты жұмыс істейтіні – үлкен мәселе. Яғни, салықты есептеу әдісі бойынша төлеу міндетті, ал салықты кері қайтару... мемлекеттің қашан қаражаты болса, сол кезде кассалық әдіспен жүргізіледі. Ал аванстық төлемдер – құқықтық тұрғыдан дұрыс емес шара, өйткені кәсіпкердің әлі кірісі мен айналымы қалыптаспаған кезде, ол салық төлеуге міндеттеледі.
«Құқықтық алаңда» тәртіп орнату қажет, деп есептейді Қ. Нұров. «Егер соттар өз міндеттерін дұрыс орындайтын болса, бұл экономикалық өсімнің қуатты драйверіне айналады».
- Нарықтық экономика, жеке бас бостандығы, құқықтық сананың еркіндігі және бизнестің мемлекетпен тең құқығы – мұның барлығы Президент жариялаған жаңа экономикалық модельдің негізі.
Тәртіп орнатайық, сонда бұл жаңа экономикалық модель жүзеге асады.
Айтылған нәрсе орындалуы тиіс, – деп түйіндеді Қанат Нұров.
Telegram-канал: https://t.me/ombudsmanbizkz
Facebook Жеке парақшасы: https://www.facebook.com/share/1Fdq1hppw