Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Әкімшілік кедергілер – ескі экономикалық модельдің мәселелері – Бизнес-омбудсмен
2025 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Нұров Қанат Ільич CFO SUMMIT KAZAKHSTAN 2025: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА ҰМТЫЛУ шарасына қатысты.
Ол «Қазақстандық арман экономикасының жасаушылары мен тұтынушылары» атты панельдік сессияда сөз сөйледі.
Панельдік пікірталас барысында экономист Нуриэль Рубинидің Қазақстандағы жағдайды салыстыра отырып, "Бизнесті қолдау, салықтарды азайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, реттеуді реттеу, мұнай мен газ өндіруді ұлғайту — мұның бәрі экономиканың өсуіне алып келеді және инфляцияны бәсеңдетеді" деген дәйексөзі талқыланды.
Неліктен бұл Қазақстанда қолданылмайды деген сұраққа Қанат Нұров ҚР-дағы ескі экономикалық модельдің басым болуымен түсіндірді.
«Оның мәні – мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуда. Барлық инфляция мен салықтардың өсуі осыдан бастау алады. Біз мемлекеттік шығыстарды арттыру қажет деп санаймыз. Тіпті, егер олай деп санамасақ та, қазір осы механизмнің ішінде жүрміз. Біз бұл шығыстарды тоқтата алмаймыз. Біздің мемлекеттік шығындарымыз – әлеуметтік сала, медицина, денсаулық сақтау, тіпті бизнеске дотациялар мен субсидиялар және тағы басқа көптеген бағыттарға кетеді», ал «бұл шығыстарды жабу үшін салықтарды арттыру қажет» екенін атап өтті.
Бұл ретте, Қанат Нұров атап өткендей, ҚР-да жаңа экономикалық модель бар, оны Мемлекет басшысы ұсынды, "Мемлекет басшысының экономиканыераықтандыру туралы Жарлығы бар, онда біз қозғалатын қадамдар нақты жазылған".
Алайда, жаңа экономикалық саясатқа сәйкес келу үшін, Бизнес-омбудсменнің пікірінше, кардиналды шараларға бару қажет, себебі «либерализацияға біртіндеп көшуге кеш қалдық».
Мысал ретінде Қанат Нұров бағадан босатылып жатқан мұнай өнімдері нарығын атап өтті:
- Бұл, әрине, алға жасалған қадам. Бұны қолдау керек деп ойлаймын. Осы тақырыпта менің Бизнес-омбудсмен ретінде Энергетика министрлігімен пікірталастарым болды. Мен нафты экспорттауға тыйым салмауды ұсындым. Себебі ол ел ішінде өңделмейді. Нәтижесінде, біз салықтар мен табыстардан айырыламыз, бизнес құқықтары бұзылады. Менің ұсынысым – экспорт құқығын ішкі нарыққа жеткізу көлеміне байланыстыру. Яғни, ішкі нарыққа қанша жеткіздің – сонша экспортқа шығара аласың. Оған кімнің құқығы бар, кімнің жоқ екенін шенеуніктер анықтамауы керек.
Барлық осы әкімшілік кедергілер – ескі экономикалық модельдің проблемелары.
Сонымен қатар, салалық ведомство өкілдерімен пікірталастар нәтижесінде осы саланың либерализациясы басталатыны туралы түсіністікке қол жеткізілді, бірақ әзірге демонополизациясыз.
Ең бастысы – дұрыс бағыт анықталды.
https://ombudsmanbiz.kz/rus/press-centr/foto/?cid=61
https://www.youtube.com/watch?v=o_Rr1LxxbLQ
Telegram-канал: https://t.me/ombudsmanbizkz
Facebook Жеке парақшасы: https://www.facebook.com/share/1Fdq1hppw