Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Құрметті ханымдар!
Құрметті әріптестер, біздің ұжымның керемет жартысы!
Құрметті әріптестер – біздің ұжымның тамаша жартысы!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда заманауи әйел үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Бүгінде олар тек махаббат туралы ғана емес, сонымен қатар бизнес арқылы өзін-өзі жүзеге асыру туралы да ойлайды.
Біздің елімізде 1 миллионнан астам әйел шағын және орта бизнес саласында басшылық қызмет атқарады.
Әйелдер ел экономикасына, әсіресе тұтыну нарығы мен қызмет көрсету саласына айтарлықтай үлес қосуда: көтерме және бөлшек саудада шамамен 500 мың әйел, ал қызмет көрсету саласында 200 мыңға жуық әйел еңбек етуде.
Әйелдер эмпатияға бейім, сезімтал және интуициясы жоғары. Сіздер іскерлік салада икемділік танытып, мүмкіндіктер шегін кеңейте аласыздар, жанашырлық пен қамқорлық көрсете білесіздер. Бұл қасиеттер көбінесе бизнеске оң әсерін тигізеді.
Сіздерге осындай көркем де еңбекқор қалпыңызда қалуды тілеймін!
Әр сәтіңіз махаббат пен қамқорлыққа, қолдау мен көмектің жылы шуағына бөленсін, соның ішінде менің де қолдауым әрдайым сезілсін!
Сіздерге бақыт пен махаббат тілеймін!
Құрметпен, Қанат Нұров