Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнес-омбудсменнің хатшылығының меңгерушісі «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңес құрамына енді
«AMANAT» партиясы жанындағы Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңес Қазақстанда экономиканы дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға жәрдемдесу үшін құрылған.
Аталған алаң кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Кеңестің негізгі міндеттері:
- Шағын және орта кәсіпкерлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарын қолдау бойынша бастамаларды әзірлеу және ілгерілету;
- Экономика саласындағы қолданыстағы қолдау және бақылау шараларын талдау және жетілдіру;
Мысалы, Кеңес мүшелері қазақстандық өнімдерді сертификаттау тәсілдерін қайта қарауды және кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді жеңілдетуді ұсынады.
- Партияның экономика саласындағы сайлауалды уәделерінің орындалуын мониторингтеу және бақылау.
Кеңес белгіленген бағдарламалар мен бастамалардың орындалуын бағалау үшін мемлекеттік органдардың жауапты басшыларының қатысуымен отырыстар өткізеді.
- Партия төрағасының тапсырмаларын сәтті орындау үшін белсенділер мен сарапшыларды партиялық күн тәртібі аясында шоғырландыру.
Кеңес өз жұмысына елдің дамуына үлес қосқысы келетін тиімді мамандарды тартуға ұмтылады.
Кеңес құрамына Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілдің хатшылығының меңгерушісі Сафарауль Йылмаз да енді.
Бұл Бизнес-омбудсменнің хатшылығына әкімшілік кедергілерді тиімдірек анықтап, жоюға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Уәкіл өкілінің Кеңес жұмысына қатысуы бизнесті қолдау шараларының іске асырылуын бақылауды күшейтіп, кәсіпкерлік қауымдастығымен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.