Жаңалықтар

28.02.2025

Пайда табуға ұмтылуда қылмыс жоқ және болуы да мүмкін емес – Бизнес-омбудсмен

240

2025 жылғы 27 ақпанда Бизнес-омбудсмен Қанат Нұров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Инвесторлардың құқықтарын қорғау» тақырыбындағы дөңгелек үстелде сөз сөйледі.

Бизнес-омбудсмен инвесторларды қорғаудағы №1 жүйелі мәселені – құқық қолдану мен құқық шығармашылықтың ерікті түрде жүзеге асырылуын көтерді. Оның айтуынша, «ұйымдастырушылық-құқықтық тұрғыдан алғанда, мен үшін кәсіпкердің менеджерден айырмашылығы, кәсіпкет өз бизнесінің  иесі мен инвесторы  болуымен ерекшеленеді».

Бизнес-омбудсмен Мемлекет басшысына ұсынған кәсіпкерлік құқықтарын қорғау стратегиясы инвесторларға, оның ішінде шетелдік инвесторларға қатысты. Онда инвестициялық климатқа тікелей зиян келтіретін және заңнаманы дереу жетілдіруді талап ететін кәсіпкерлікті қорғаудағы 8 жүйелі проблема келтірілген.

Осыған байланысты, ол "ең алдымен, әкімшілік және сот процестеріндегі ерікті құқық қолдану, сондай-ақ заңнамадағы ерікті заң шығару мәселесін реттеу қажет"деп атап өтті.

Ол кәсіпкерлер арасындағы азаматтық даулар қылмыстық іске ауысқан кезде құқық қорғау жүйесінде жиі кездесетін ерікті құқық қолдану жағдайларын атады:

- Мысалы, Хамраев пен Смайылов азаматтары  екі клиенттің өтініші бойынша   қамауға ұсталынды. Олардың брокерлік компания осы клиенттердің заңды түрде берген бұйрықтарына сәйкес, олардың ақшасын биржадан тыс нарықта жеткізілмеген бағалы қағаздарды сатып алу үшін аударды. Ал айыпталушылар клиенттер инвесторлар ретінде өз мойындарына алған тәуекел бойынша жауапкершілікті өз еркімен қабылдап, бұл міндеттемелердің көп бөлігін өтегеніне қарамастан, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ол мұндай жағдайларға қатысты өз пікірін білдірді:

  • Ең ашуландыратыны – кейде кәсіпкерлердің пайда табуға деген заңды ұмтылысы, яғни келісімшарттағы бағалардың орташа нарықтық бағалардан жоғары болуы, көптеген адамдар тарапынан ұрлық немесе алаяқтық ретінде қарастырылатыны. Ал соттар бұл тұрғыда тергеу органдарын қолдайды. Бірақ пайда табуға ұмтылуда тек қылмыстық қылмыс құрамы ғана емес, тіпті азаматтық құқық бұзушылықтың да құрамы жоқ және болуы да мүмкін емес.

Сондай-ақ, «кәсіпкерлерге, соның ішінде шетелдік инвесторларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстаудың орнына, кепіл немесе электронды бақылау құралдарымен үйқамақ қолданылуы керек”  деген ұсынысын білдірді. . Себебі, Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, әрбір екінші кәсіпорын (қамауға алынғандардың 40%-ы) кәсіпкерлердің ұсталуына байланысты банкротқа ұшырайды, тіпті олар ақталған жағдайда да. Бұл өз кезегінде ЖІӨ өсіміне және мемлекеттік бюджетке теріс әсер етеді».

Әрбір қылмыстық іс кәсіпкерлердің шоттарының бұғатталуына және активтерінің тәркіленуіне әкеледі. Соңғы 3 жыл ішінде кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық қудалау органдары қозғаған 1259 істің 365-і ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Бұл дегеніміз, шамамен 400 адам заңсыз қудалауға ұшыраған.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі