Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Кәсіпкерлердің шағымдарын қанағаттандыру көрсеткіші Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауға кіруге тиіс
2025 жылғы 27 ақпанда Бизнес-омбудсмен Қанат Нұров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Инвесторлардың құқықтарын қорғау» тақырыбындағы дөңгелек үстелде сөз сөйледі.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысымен өткен танысу кездесуінде оның алдында «неге әкімшілік әділеттіліктің табысты дамуына қарамастан, онда соттар мемлекеттік органдармен даулардың 60%-дан астамын кәсіпкерлердің пайдасына шешсе де, мемлекеттік органдар тарапынан шешімдерді, құжаттарды және шарттарды қабылдау, жою, тіпті орындамау сияқты заңсыз тәжірибе өзгеріссіз қалып отыр?» деген сұрақ көтерілді.
Ол мемлекеттік органдар тарапынан құқық қолданудың ерікті түрде жүзеге асырылуының айқын себебі ретінде «кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін әкімшілік және қылмыстық құқық бойынша көзделген жауапкершіліктің кінәлі лауазымды тұлғаларға міндетті түрде қолданылмауын» атады.
Осы жағдайды түзету үшін ол «кінәлі лауазымды тұлғаларға әдейі заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік жасағаны үшін жәбірленушілердің алдында жеке, мүмкіндігінше автоматты түрде қолданылатын материалдық жауапкершілікті енгізуді, сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген залалды тікелей өтеуді, мемлекеттің регрестік талаптарын айналып өтуді» ұсынды.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау жүйесіне кәсіпкерлердің шағымдарының қанағаттандырылу көрсеткіштерін енгізуді ұсынды – бұл шағымдарды жоғары тұрған мемлекеттік органдар да, соттар да қарастырып, әділ шешім шығаруы тиіс.
Мысал ретінде ол Денсаулық сақтау министрлігінің ережелерін келтірді, олар санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға қатысты техникалық реттеуді жалпы техникалық реттеу қағидаларынан тыс қалдырады. Бұл кәсіпкерлердің техникалық талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді өз еркімен қайтарып алуын мәжбүрлі қайтарып алуға дейін кеңейтеді.
Оның түсіндіруінше, «мемлекет тарапынан өнімді айналымнан алып қою және қайтарып алу жөніндегі жедел әрекет ету шарасы, Денсаулық туралы кодексте көзделгендей, шын мәнінде, сатылып кеткен өнімді қайтарып алуға дейін кеңейтіледі, бұл өз кезегінде сатып алушылардың меншік құқығы мен олардың сатушылармен азаматтық-құқықтық қатынастардағы еркіндігін бұзады».
Бизнес-омбудсмен бұл жерде төмендегідей құқықтық мәселелер бар деп санайды:
- Сатушыға берілген нұсқама негізінде сатып алушыны өнімді қайтаруға міндеттеуге болмайды.
Сатушының айналымдағы өнімді қайтарып алуы мен сатылып кеткен өнімді қайтарып алуды шатастыруға жол берілмеу керек .
Денсаулық сақтау министрлігінің ережелері Денсаулық туралы кодекстің аясын заңсыз түрде кеңейтіп жіберді деп есептеймін.