Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнес-омбудсмен кеңсесі мен Алматы облысының полиция департаменті ынтымақтастық туралы келісті
2024 жылғы 9 желтоқсанда Алматыда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл хатшылығының меңгерушісі Йылмаз Сафараульдің Алматы облысы полиция департаментінің басшылығымен кездесуі өтті.
Кездесу аясында Бизнес-омбудсмен кеңсесі, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің аумақтық өкілдері және полицияның аумақтық бөлімшелері арасындағы бизнесті қорғаудағы ықтимал қиылысу нүктелері талқыланды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бизнес-ортада құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Талқылау барысында кәсіпкерлердің бақылауға алынған шағымдары, сондай-ақ құқықтық нормаларға сүйене отырып, оларды шешудің мүмкін жолдары қаралды.
«Құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс- қимылды жолға қою кәсіпкерлерді қорғау деңгейін арттыруда және елдегі құқықтық ахуалды нығайтуда маңызды қадам болып табылады», – деп атап өтті Йылмаз Сафарауль.
Тараптар кәсіпкерлердің шағымдарына жедел ден қою және бизнесті қорғау саласындағы жұмысты жақсарту жөніндегі ұсынымдарды іске асыру үшін одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.