Жаңалықтар

18.12.2024

Бизнес-омбудсмен аппараты ҚР Жоғарғы Сотында «Partners realty» ЖШС қорғады

134

2024 жылғы 10 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Павлодар облысы МАЭС-тің 2024 жылғы 25 маусымдағы шешімін және Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 8 қазандағы «Partners realty» ЖШС мен Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасындағы іс бойынша қаулысының күшін жойды.

Бұл ретте, 2022 жылғы 28 желтоқсандағы «Partners realty» орындалған жұмыстардың актісі жарамды деп танылды.

Және, тиісінше, «Partners realty» пайдасына ТКШ бөлімінен 304 893 368 теңге мөлшерінде берешек сомасы өндіріліп алынады.

Осылайша, 2 жылдық сот процесі Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қ.И. Нұровтың көмегімен кәсіпкердің пайдасына шешілді..

Бұған дейін «Partners realty» облыстық соттардың сот актілеріне шағымдану бойынша құқықтық қолдау көрсету туралы Бизнес-омбудсменге жүгінді.

Компания Катаев көшесін жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы Шартқа сәйкес төлемдердің төленбеуіне байланысты ТКШ бөліміне азаматтық істе талап қоюшы болды.

Компанияның дәлелдерін негізді деп санап, Бизнес-омбудсмен аппараты Жоғарғы Сотқа шығарылған сот актілерінің күшін жою мақсатында жүгінді. Облыстық соттар асфальтбетон қоспасының сапасының сәйкес келмеуі себебінен «Partners realty» сотынан бас тартты, бұл жолдың пайдалану мерзімін қысқартады және жолды қалпына келтіру бойынша жөндеуге бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына әкеп соғады. Алайда, асфальт Өндіруші зауыттан сатып алынды, оның өнім сапасы сәйкестік сертификаттарымен және Павлодар сараптама және сертификаттау орталығының сынақ хаттамаларымен расталды. Бұдан басқа, 2 жылдан астам уақыт бойы жөнделген көшенің жол жабынының қанағаттанарлық жай-күйін растау ұсынылды, қалалық әкімдіктің ресми тұлғаларына жолды жөндеу қажеттілігінің жоқтығы туралы сілтемелер берілді.

2024 жылдың басынан бері кәсіпкерлердің 2500-ге жуық өтініші келіп түсті, оның жартысына жуығы 16 млрд. теңгеден астам сомаға оң шешілді.

 Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі:
8 717 2 27 04 54, 8 701 701 01 34,
сайт ombudsmanbiz.kz

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі