Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Монополияға қарсы агенттік әкімшілік әділет ықпалында болуға тиіс
2024 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (Бизнес-омбудсмен) Қанат Нұров Maqsut Narikbayev University-де (MNU) өткен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі заңнамасына (заң жобасы) түзетулерді талқылау бойынша дөңгелек үстелге қатысты.
Қазақстанда бәсекелестікті қорғау үшін құқықтық негіз қалыптастырылды, оны дамытуды жалғастыру қажет және экономикадағы жаңа монополистердің, трендтер мен үрдістердің пайда болуына тез «жауап бере» білуі тиіс.
Осыған байланысты, заң жобасы әзірленді, оны талқылау үшін «Атамекен» ҰКП сарапшылардың, бизнестің және әзірлеушінің қатысуымен алаң ұйымдастырды.
Мысалы, бизнес-омбудсмен мемлекеттік органдардың Кәсіпкерлік кодекс пен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті реттеуден шығу үрдісін проблемалық мәселе ретінде белгіледі. Атап айтқанда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін (БҚДА) әкімшілік әділет ықпалынан шығару, оның пікірінше, саяси қателік болды. «…қандай мақсаттар болса да, бұл жағдайда мен оны қолайсыз деп санаймын, өйткені құқықтық жүйеде «жылыстау» пайда болады», - деді ол.
Кәсіпкерлер қазірдің өзінде әкімшілік әділет және ӘҚБтК-ге бірден «кіру» және тиісінше жауапкершілік шеңберіндегі БҚДА шешімдеріне дау айту мүмкіндігінің болмауы түріндегі заңнамалық «шектеулердің» теріс салдарына тап болуда. Мысалы, олар тендерге бірнеше қатысушыларды жауапқа тартты, олардың іс-әрекеттерінде картельдік келісім жасасу фактілері көрінді, бұл кезде іс-әрекеттердің параллельдігі жанама дәлелдер ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, баламалы ұсыныстардың және тендерде екінші қатысушының болуы – заңнаманың талабы екені белгілі. Бұдан басқа, белгілі бір мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бақылаумен айналысады.
Құқықтық орта үшін тәуекелдерді атап өтіп, бизнес-омбудсмен монополияға қарсы ведомствоға оларды бастамашылықпен алып тастауды және «мемлекеттік органдардың құқықтық қағидаттар мен қолданыстағы заңнама шеңберінде қалай әрекет етуі тиіс екендігінің үлгісі болуды» ұсынды.
Монополияға қарсы заңнаманы құқық қолдану практикасын тұрақтандыру үшін бизнес-омбудсмен атынан мемлекеттік органдардың атына тиісті хаттар жолданды