Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Қазақстан бизнес-омбудсменінің Корпоративтік басқару форумы – 2024 ж. сөйлеген сөзі
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау
жөніндегі уәкіл Қ.И. Нұровтың
Корпоративтік басқару форумы-2024ж.
сөйлеген сөзі
«Корпоративтік басқару экономиканы
ырықтандырудың және барлық
стейкхолдерлердің мүдделерін қорғаудың
пәрменді құралы ретінде»
2024 жылғы 7 қараша,
Астана қаласы,
«Астана» халықаралық қаржы орталығы
Корпоративтік басқаруға қатысты баршамыз сөз етіп жүрген «жұмсақ» құқықтан басқа, «қатаң» құқықпен де күресуге тура келеді.
Форум алдына шығарғым келетін кем дегенде 2 түйткілді мәселе бар, бұл азаматтық қоғаммен бірлесе отырып оларды заңнама және басқа да НҚА арқылы, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексін қоса алғанда, жұмсақ құқық арқылы шешуге көмектесер еді.
Алдымен, ұғымдарды айқындап алудың ғылыми тәсіліне тоқталғым келеді, өйткені, менің ойымша, бұл жерде проблема туындайды. Мәселен, корпоративтік басқару дегеніміз не?
Артық анықтамалардың бәрін алып тастасақ, шын мәнісінде, менде тек 3 негізгі мағынасы қалады:
1) – бұл корпоративтік басқарманың дұрыс аудармасы – «corporate governance». Бұл корпорация қатысушыларының (АҚ немесе ЖШС болсын, маңызды емес, жауапкершілігі шектеулі кез келген заңды тұлға мен үшін бұл, шын мәнінде, корпорация) жалпы жиналысы тарапынан корпоративтік басқаруды ұйымдастыру процесі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) анықтамасына сәйкес, бұл – инвесторлар арасындағы олардың менеджментті бақылау құқықтарына қатысты тең құқылы қарым-қатынас ережелері. Яғни, бұл шын мәнінде корпоративтік басқару (corporate management) емес. Бұл менеджменттің өзі емес, менеджментті бақылау.
2) - бұл ішкі бақылау жүйесі. «және тәуекелдерді басқару» дегенді жиі қосады, бірақ мен оны жақтай алмаймын. Себебі тәуекелдерді басқару да, сәйкестікті бақылау да ішкі бақылау жүйесінің барлық элементтері болып табылады. Осы тұрғыда бұл, ең алдымен, атқарушы шенеуніктер арасындағы міндеттер мен жеке жауапкершіліктің бөлінуі:
- деңгейлер бойынша – бұл да маңызды міндеттерді бөлу, сондықтан деңгейлер бір-бірінен, әсіресе төменгі деңгейлерден жоғары өкілеттіктерді алмайды;
- бір-бірін тежейтін және тепе-теңдікті жүзеге асыратын функциялар бойынша;
- сондай-ақ корпоративтік басқару (менеджмент) рәсімдері бойынша.
Ішкі бақылау жүйесі тек қаржылық есептіліктің шығу жүйесі ғана емес, сонымен бірге тұтастай алғанда инвесторлардың менеджментті басқару, құқықтық, қаржылық және басқа да бақылаулар түріндегі бақылау құралы болып табылады, олар мүдделер қақтығысын (бір тұлға атқаратын қарама-қайшы функциялардың сәйкес келуі), тәуекелдерді басқару және басқа да корпорация қызметін қадағалау үшін менеджмент жүйесінде орналастырылады. Атап айтқанда, бюджеттеу – инвесторлар менеджментті басқаратын корпоративтік басқару жүйесінің маңызды элементі.
3) - бұл корпоративтік басқару (corporate management). Біз бұл «corporate governance» терминінің орыс тіліндегі онша сәтті аударылмаған нұсқасын кеңінен қолданып жүрміз және оны корпоративтік басқарумен шатастырамыз. Аударманың осынау қарабайыр мағынасында, бұл – корпорацияның өз қызметін ұйымдастыру ретіндегі менеджмент. Бұл да, әрине, айтарлықтай маңызды компонент. Міне осы тұста, тәуекелдерді, қаржыны қалай басқару керектігін, комплаенс-бақылауды, тағы да сол сияқты – менеджмент жасауы тиіс процестердің бәрін көрсету үшін жай-жапсарын білуге тырысамыз.
Және, өкінішке қарай, бұл жерде Директорлар кеңесінің (ДК) барлық мүшелері үшін жағымсыз жаңалық - ешқайсыңыздың компанияны біртұтас орган ретінде ұсынуға құқығыңыз жоқ. Тек менеджмент компанияны, атап айтқанда – СЕО-ны сенімхатсыз ұсынуға құқылы. Қалғандарының бәрі, тіпті ДК төрағасы да компанияның атынан өкілдік ету үшін СЕО-дан сенімхат алуға міндетті.
Шындығында, корпоративтік басқару мен басқарудың ашықтығы «бірыңғай дене» тұжырымдамасына негізделген. Инвесторлардың құқықтарына ортақтасып, заңды тұлғаны ойдан шығару, олардың мүлкін олардан оқшаулап алады және кәсіпорынды құқықтық қатынастардың жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде – бұған дейін айтып өткенімдей, басқа ештеңені емес, тек менеджмент атынан уәкілдік ететін корпорацияны институттандырады. Барлық басқа корпоративтік басқару органдары, соның ішінде акционерлердің жалпы жиналысы (АЖЖ) және директорлар кеңесі (ДК) тек менеджментті бақылай алады. Яғни, Акционерлердің жалпы жиналысын (АЖЖ) нақты акционерлер ретінде емес, тек корпорацияның біртұтас денесінің абстрактілі органы ретінде қарастырамыз. Директорлар кеңесі де, жекелеген акционерлердің нақты өкілдері емес, тек корпорацияның біртұтас денесінің абстрактілі органы. Осылайша ДК – нағыз алқалы органның өзі, оның үстіне атқарушы емес, бақылаушы органы.
ДК-ге ауысқанда біз бірқатар мәселелерге тап боламыз. Біз корпоративтік құқығымызда ДК деген не екенін түсіне алмаймыз. Неге екені белгісіз, Азаматтық кодексте және барлық басқа НҚА-да бұл жай басқару органы. Неліктен тек ДК басқару органы деп аталады?
Ал біздің заңдарымыз бойынша Басқарма – бұл жай ғана «басқару» сөзінсіз атқарушы орган, акционерлердің жалпы жиналысы да «басқару» сөзінсіз жоғарғы орган болып табылады.
Неге олай? Мен басында бұл түсінбеушілік деп ойладым, бірақ бұл біздің экономиканы басқарудың шамадан тыс орталықтандырылған моделі заңнамада жүзеге асыратын саналы идея болып шықты.
Сонда, ДК жедел өкілеттіктері болуы мүмкін, бұл ретте ДК мүшесі дербес атқарушы жауаптылықта болмайды. Ия, мен түсінемін, біз мұнда ДК мүшелеріне сенімгерлік мәртебе беруге тырысамыз, бірақ бұл дұрыс емес. Неліктен?
Өйткені бұл сенімгерлік борыш – бұл бір орган ретінде заңды тұлға алдындағы жауапкершілік және оның таза түрінде тек менеджмент бар. Тек атқарушы шенеунік компанияға жеке жеке меншік ретінде, корпорацияның бірыңғай денесі ретінде қамқорлық жасауы керек. Ал ДК-нің барлық басқа мүшелері өз акционерлерінің мүдделерін білдіреді және бұл негізгі акционерлердің ДК-дегі өкілдері арқылы компания ағындарын бақылауға тырысудың заңды құқығы. Миноритарлық акционерлердің тәуелсіз директорлары да компанияға жалпы қамқорлық жасайды, бірақ олар атқарушы директорлар емес және мұны істеуге міндетті емес, яғни оларға сеніп тапсырылған мүлікті әкімшілендіру үшін сенімгерлік жауаптылықта болмайды.
Корпоративтік хатшы корпоративтік басқарудың тағы бір институты ретінде өте маңызды, дегенмен біз жеке акционерлер мен шенеуніктерден тәуелсіз корпоративтік басқару органдарының шешімдерін тіркеу мен сақтаудың маңыздылығын толық түсіне бермейміз.
Сонымен, корпоративтік басқарудың соңғы институты – Басқарма (Management Board). Американдық корпоративтік басқару моделінде тек ДК бар. Бірақ онда атқарушы емес директорлар да, атқарушы директорлар да бар. Тең соңғылары ғана шын мәсінде Management board – Басқарма.
Бірақ бізде, еуропалық модельдегідей, атқарушы директорлар корпусы бөлек Басқармаға бөлінеді. Бірақ бұдан істің мәні өзгермейді. Management board (Басқарма) мүшелері ғана заңды тұлғаның өзіне сеніп тапсырылған мүлкін оның атқарушы лауазымды тұлғалары ретінде басқаруға дербес сенімгерлік жауапты болады. Осы тұрғыда, корпоративтік басқарудың ашықтығы және оның негізі-менеджмент ешқандай акционерге қызмет етпейді. Атап айтқанда, тіпті ең негізгі, ең бақылаушы, ал егер акционерлерге қызмет етсе, онда акционерлердің жалпы жиналысы ғана заңды тұлғаның «біртұтас дене» органы ретінде.
Осы жерде, егер біреуді жазалау қажет болса, онда, ең алдымен,біздегідей, түпкі бенефициарларды емес, менеджментті жазалаған абзал. Міне, сол кезде бізде тәртіп орнайды. Содан кейін бірден менеджмент тек заңды шешімдерді орындайды және шынымен тәуелсіз шешімдер қабылдайды немесе АЖЖ мен ДК-нен жазбаша шешім талап етеді. Бірде-бір алқалы шешім сеніп тапсырылған учаскеге дербес жауапты атқарушы лауазымды адам алқалық шешіммен қабылданса да, заңсыз нәрсе жасауға міндеттей алмайды.
Басқарудың ашықтығы кәсіпорындардың, салалардың және елдің экономикасын ырықтандырумен тығыз байланысты. Жалпы неліктен біз ырықтандыруды қолдаймыз? Өйткені ол әділ ғана емес, сонымен қатар тиімді. Квазимемлекеттік корпорациялардағы сыбайлас жемқорлық мәселесі қайдан пайда болды? Бұл ішкі бақылау жүйесі жоқ шамадан тыс орталықтандыруға, корпоративті басқарудың жоғарғы деңгейлері мен төменгі (тактикалық және жедел) деңгейлері арасында, сондай-ақ функционалдық міндеттер арасында бөлінуге байланысты туындады. Мұның бәрі сыбайлас жемқорлықтың негізі. Ешкім одан еркін емес, бәрі жоғарыда қабылданған шешімдердің ашық болмауына байланысты.
Егер дұрыс құрылған корпоративтік құқық болса, онда корпоративтік басқарма корпоративтік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етер еді. Сондықтан ішкі бақылау жүйесінің ашықтығы мақсатында, заңды тұлғалардың мүлкін оқшаулау қағидаттарын бұзатын барлық НҚА нормаларының күшін жою керек. Ең алдымен, менеджмент тұлғасындағы кәсіпорындарының әрекеттері үшін түпкілікті бенефициарлар ретінде кәсіпкерлердің шектеулі жауапкершілігін сақтамау бөлігінде.
Жасыратыны жоқ, көптеген ДК еншілес және немере компаниялардың ДК құрамында кім болатынын айқындайды. Бұл ДК мүлікті оқшаулау институтын қалай бұзуы мүмкін? Тек еншілес компанияның басқармасы ғана немере компаниясына ДК тағайындай алады және басқа ешкім емес. Себебі тек Басқарма осы компанияны одан әрі құратын компанияларға қатысты ұсынады.
Сондай-ақ, атқарушы және жоғары орган (АҚ-да, ең алдымен) тек ДК емес, корпоративтік басқару органдары болып табылатындығын айқындап алу қажет. Және бұл өте маңызды. ДК-ге жедел өкілеттіктерді үйіп-төгіп беруге тырысатынын көріп отырсыз: комплаенс-бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және орталықтандырылған сатып алуды бақылау.
ДК бәрін шешеді, бірақ ештеңеге жауап бермейді, ал менеджмент бәріне жауап береді, бірақ ештеңені шешпейді.
Түптеп келгенде, толған жемқорлық. Корпоративтік басқарудың барлық деңгейлері (АЖЖ, ДК және Басқарма) заңды түрде байланыстырылғандықтан, барлық шешімдер ашық түрде қабылданбайды. Осыған байланысты, заңнамада АҚ-дағы ДК тек бақылаушы және алқалы басқару органы болып табылатындығын, онда кәсіпорынның біртұтас дене ретінде ұсынылуы мен жұмыс істеуі үшін дербес атқарушы жауапкершілік болмайтындығын көрсету қажет.
Және соңғысы. Бүгінгі таңда бізде квазимемлекеттік кәсіпорындар ДК-де 50-60%-ға жуық тәуелсіз директорлар бар. «Самұрық» мұны тіпті мақтан тұтады, бірақ бұл нонсенс! Бізде компанияларда миноритарийлердің саны бірдей емес.
Миноритарийлерсіз тәуелсіз директорлар мүлдем болмайды. Тәуелсіз диоректор дегеніміз кім? Бұл жай ғана ДК-нің атқарушы емес мүшесі, оны ешкім емес, тек миноритарийлер сайлайды және лауазымынан босатады. Ал бізде оларды негізгі акционерлер тағайындайды және негізгі акционерлер алып тастайды. Қалғанының бәрі, кешіріңіз, жалған. Миноритарийлер қандай да бір түрде кумулятивті дауыс беру арқылы ДК-нің кем дегенде бір нақты тәуелсіз мүшесін таңдаса да, оны негізгі акционерлер қалаған кезде бірден алып тастайды.
Тәуелсіз директорлардың үлкен корпусы жалақы алады. Және бұл дұрыс. Тәуелсіз директор компаниядан жалақы алуы керек. Бірақ ол шынымен тәуелсіз болсын. Ал ДК-нің бақылау акционерлеріне тәуелді мүшесі жалақыны мүлдем алмауы, тіпті одан да көп компаниядан бонустар алуы керек, оларды сол жерге орналастырған акционерлерінен алсын.
Егер біз осы екі үлкен мәселені – «бақылаушы» және «алқалы» деген сөздерсіз басқару органы ретінде ДК-ге қатысты мәселені қатаң заңмен, корпоративтік заңнамамен түзетпесек және, егер біз тек миноритарийлер тәуелсіз директорлар институтын құра алатындығын нақты айқындап алмаса, ешбір «жұмсақ» құқық бізге корпоративтік басқару мен басқарудың ашықтығын ешқашан қамтамасыз ете алмайды.