Жаңалықтар

01.10.2024

Қазақстанның бизнес-омбудсмені кәсіпкерлердің шағымдары бойынша Денсаулық сақтау министрінің қолдауына ие болды

799

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров медицина және сауда салаларындағы нарық субъектілерінің шағымдарын қарады. Проблемалық мәселелердің арасында мыналар бар:

- медициналық зертханалардың диагностикалық қызметтеріне корпоративтік табыс салығын заңсыз салу бойынша салықтық тексерулер;

-   талаптарға сәйкес келмейтін өнімді мәжбүрлеп қайтарып алу;

-   фармацевтикалық өнімді сатып алуды орталықтандыру;

-   медициналық препараттардың шекті бағасы.

Кәсіпкерлердің заңды өтініштеріне ден қою шеңберінде оның Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Альназаровамен кездесуі өтті, соның нәтижесінде бизнес үшін маңызды бірқатар шешімдер қабылданды.

Ең алдымен, «КДЛ Олимп» ЖШС ісінің аяқталуын оң прецедент ретінде атап өткен жөн. Бұл ретте Қанат Нұров: «Денсаулық сақтау министрі зертханалық диагностиканы медициналық көмекке жатқызуды қолдады, бұл өз кезегінде зертханаларға корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеуден босату түріндегі салық жеңілдіктерін пайдалануға құқық береді», - деп атап өтті.

2024 жылғы 19 қыркүйекте Апелляциялық сот Астана қаласының МКД-не талап-арызды «Олимп» пайдасына қанағаттандырды және зертхананың 7 млрд. теңге мөлшерінде берешек төлеуі жөніндегі бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойды.

Кездесу барысында Министр медициналық пункттердің орталықтан жеткізуден тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық өнімді сатып алуды ішінара орталықсыздандыруға, сондай-ақ болашақта олардың тапшылығын болдырмау мақсатында 2-ден астам баламасы бар препараттарды шекті баға аясынан шығаруға қолдау білдірді.

Бизнес құқықтарын бұзудың бірқатар тәуекелдерін қарастыра отырып, Қанат Нұров Министрмен 2024 жылы енгізілген сәйкес келмейтін өнімді мәжбүрлеп қайтарып алу жөніндегі норманы қайта қарау қажеттігін де талқылады. Атап айтқанда, оның ойынша, кәсіпкерлік субъектілерінің өзі адал сатып алушыларға сатылған өнімді қайтаруды өзінен алумен қатар орындауы оларға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүктеуге жол бермейді.

Осыған байланысты, Қанат Нұров осы құқықтық қайшылықтарды тиісті ұсыныста реттеу бойынша өз ұсыныстарын қолдауды сұрады. Оған Денсаулық сақтау министрі Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл шығарған ұсынысты оның ведомствосы объективті және егжей-тегжейлі қарайтын болады деп жауап берді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі