Жаңалықтар

19.02.2019

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыруды Елбасы ерекше бақылауға алды

675

Сурет primeminister.kz сайтынан алынды

 

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралды, деп хабарайды primeminister.kz.

Осы мәселеге қатысты атқарылған жұмыс барысы туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек, Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев баяндады.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Елбасының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қосылған құнды арттыру, сондай-ақ экономикадағы шығындарды қысқарту тәрізді елеулі экономикалық әсер күтілуде.

Өткен жылы бағдарламаны іске асыру барысында көптеген бағыттар бойынша оң серпін байқалды. Заңнамалық база жетілдірілді, өндірісті, бизнесті және мемлекеттік басқаруды жүргізудің оңтайландырылған тәсілдері әзірленді. Сонымен қатар, Үкіметтің сандық күн тәртібін іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдардың цифрландыру әсерлерін мониторингілеу мен бағалаудың бірыңғай әдіснамасын әзірлеу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне экономиканың жекелеген салаларында цифрландыру әлеуетін айқындау және шығындарды нақты қысқартуды ескере отырып, цифрландыру жобаларының тиімділігін есептеудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және АТ-қоғамдастықпен цифрлық технологияларды қолдану мәселелері бойынша заң жобасын пысықтауды жеделдету тапсырылды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасы бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр және оған 17 бастама мен 120 іс-шара кіреді. 2018 жылы жоспарланған іс-шаралардың барлық тізбесі (20 атау) толығымен орындалды. 

Бірінші бағыт— "Экономика салаларын цифрландыру" бойынша — 4.0 Индустрия элементтерін қолдану арқылы отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерінің жүйе құраушы кәсіпорындарында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Еңбек өнімділігі орташа есеппен 10%-ға артты;
  • жекелеген өндірістерде электр энергиясын 33%-ға дейін үнемдеуге қол жеткізілді;
  • жабдықты пайдалану коэффициенті 50%-ға дейін артты.

Пайдалы қазбалардың жеті ірі кен орындарында "Зияткерлік кен орны" және "Цифрлық кен орны" жобалары енгізілді. 2019 жылы осы жүйелерді қолдана отырып, объектілер санын 12 бірлікке жеткізу жоспарланып отыр. 

Тау-кен өнеркәсібінде 102 кәсіпорын "ашық" өндіріс деңгейіне көшуді басталды. Көлік пен логистиканы цифрландыру аясында "Зияткерлік көлік жүйесі" (ЗКЖ) жобасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, жол активтерін басқару жүйесі іске асырылуда, нәтижесінде 16 жылжымалы жол зертханалары іске қосылды.

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру аясында еліміздің 14 пилоттық шаруашылығында нақты егіншілік элементтері енгізілді. Бұл фермерлердің шығындарын орта есеппен 15-20% - ға төмендетуге және өнімділікті 2,5 есе арттыруға мүмкіндік берді. 2019 жылы "смарт фермалар" санын 500 шаруашылыққа жеткізу жоспарланып отыр.

Бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты - онлайн сауданы дамыту. Электрондық сауда субъектілеріне заңнамалық деңгейде салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Оларды 331 жаңа е-коммерция субъектісі ендігі пайдаланып та көрді. Қазақстанда әлемдік трендтердің бірі — ұялы телефонды қолдана отырып, байланыссыз төлемдер жасау қызметі дами бастады. 2018 жылдың қараша айының соңында пилоттық режимде сервиске еліміздің алты ірі банкі қосылды.

"Цифрлық мемлекетке көшу" бағыты аясында білім беру саласының барлық деңгейлері цифрландырумен қамтылған. Барлық мектепке дейінгі ұйымдардың 64%-ы өтініштерді электрондық түрде қабылдайды. Мектептердің 94%-ында оқушылар электрондық күнделіктер мен журналдарды пайдаланады. Жалпы, білім беру жүйесін цифрландыру ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты 30%-дан астам қысқартуға мүмкіндік берді.

Денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде электрондық медициналық құжаттарға денсаулық сақтау ұйымының 99,2% ауыстырылды. Қазақстанның 16,3 млн азаматының аймақтық электрондық денсаулық паспорты бар. Дәрігерге барушылардың және емханаларда сарылып кезекте тұрушылардың саны екі есе қысқарды. Зерттеу нәтижелерін алу уақыты 2,5 есеге қысқарды. 2019 жылы электрондық денсаулық паспорттарымен қамтамасыз ету деңгейін 100% - ға жеткізу жоспарланып отыр.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру аясында электрондық еңбек биржасы табысты жұмыс істейді. 2018 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 533 мыңнан астам ізденуші жұмысқа орналастырылды, оның 409 мыңы тұрақты жұмыс тапты.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 752 мемлекеттік қызметтің 506-сы автоматтандырылды. Қызмет көрсету мерзімі 40%-ға қысқартылды, орта есеппен 12 күннен 7 күнге дейін. Сонымен қатар, анықтамалық құжаттардың 60 млн бірлігіне қағаз айналымы қысқартылды. 2018 жылы халыққа 30 млн. мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілді. 3 көші-қон, 8 мамандандырылған, 16 цифрлық ХҚКО ашылды, Алматы және Астана қалаларында биометриялық деректерді жинау іске қосылды. 2019 жылға 80% мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстыру, сондай-ақ қосымша 1 цифрлық және 5 көші-қон ХҚО ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылы "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі іске қосылды. Кедендік декларацияларды шығару бірнеше күннен және сағаттан 1 минутқа дейін қысқартылды. Бүгінгі күні жүйеде 859 мың электрондық декларация тіркелген, оның 85% - ы "жасыл дәліз" бойынша 1 минут ішінде ресімделген. Сауда саласындағы "көлеңкелі" мәмілелерді болдырмауға мүмкіндік беретін "электрондық шот-фактуралар" және "тауарларды таңбалау" жүйелері іске асырылды.

"Жалпы, 2018 жылы жүзеге асырылған сандық шаралар бойынша 218 млрд теңге көлемінде табыс түсті. Цифрландыру есебінен құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 43 мыңнан астам бірлікті құрайды.  Бірақ, 2018 жылдың басты нәтижесі ретінде барлық жұмыс процестерінің бір жолға қойылғандығын, мемлекеттік органдардың жауапкершілік аймақтары нақты бөлінгендігін, ұлттық және жеке компанияларда алдағы жұмыстың көрінісі пайда болғандығын атап өтуге болады. Сондықтан да біз ағымдағы жылы жаңа технологияларды енгізуден түсетін экономикалық әсер бұдан да жоғары болады деп сенеміз", — деді Д. Абаев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек өз кезегінде "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіп, көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, геология және жер қойнауын пайдалану салалары бойынша басым жобалар іске асырылып жатқанын баяндады.

Өнеркәсіпті цифрландыру бойынша 2018 жылы жеті модельдік фабриканың аудиті аяқталды және оларды цифрландыру бойынша Жол карталары бекітілді. Әр кәсіпорын бойынша 30 іс-шара ұсынылды. Сонымен қатар, өңірлердің өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктермен бірлесіп орта және ірі өнеркәсіптік нысандарда сандық технологияларды енгізу бойынша жол карталарына қол қойды. Ағымдағы жылы 100-ден астам кәсіпорынды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғаса түспек.

"Көлікті және логистиканы цифрландыру" тапсырмасы бойынша "Зияткерлік көлік жүйесі" (ЗКЖ) жобасы іске асырылып жатыр. Жүйе жол-көлік кешенін басқару бойынша бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, көліктік бақылау саласында 12 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары (ААӨҚ) енгізілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да жаңа ақылы учаскелерде 11 ААӨҚ-н іске қосу жоспарланып отыр. 2021 жылға қарай олардың жалпы санын 46 бірлікке жеткізу жоспарлануда.

Жолаушылар тасымалы саласында кестені, қозғалыс бағытын және жүйелілікті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалдарын диспетчерлендіру жүйесі іске қосылды. 2019 жылдың соңына дейін 416 бағыт бойынша 2 мыңнан астам автобус қосылады.

Жолдардың жай-күйін жақсарту үшін "Жол активтерін басқару жүйесі" (ЖАБЖ) тәжірибесі енгізілді. Жүйе таңдалған жөндеу стратегиясына байланысты инвестициялардың қажетті көлемін және жолдардың техникалық жай-күйін болжайды.

ЗКЖ маңызды компоненттерінің бірі - төлемақы алу жүйесі, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға жол жағдайы туралы ақпаратты жинау және ұсыну болып табылады. Бүгінгі күні төлемақы алу жүйесі жалпы ұзындығы 471 км Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде пайдалануға берілді. Жалпы 2020 жылға дейін 16 жол учаскесінде ақылы жол енгізу жоспарланып отыр және ақылы автожолдардың ұзақтығы шамамен 6,5 мың км құрайды.

E-SHANYRAQ жобасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың соңында пилоттық режимде ТКШ саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде жүйеге 5217 көп пәтерлі тұрғын үйдің (КПТҮ) электрондық техникалық паспорттары енгізілді және 5767 түрлі есептеу құралдары қосылды.

Құрылыс саласында Е-QURYLYS бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілуде. Жүйе блокчейн режимінде құрылыстың барлық кезеңдері мен процестерін бақылауға мүмкіндік береді, "шұңқыр" қазылғаннан бастап нысанның құрылысы толық аяқталғанға дейін.

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев ҚР Президентінің жолдауы мен "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасына сәйкес білім беру саласында сандық технологияларды дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар орындалатынын, ол үшін цифрландыру кеңсесі құрылғандығын хабарлады.

1-4 сыныптарға арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы бекітілді. Осы оқу жылынан бастап 3 сыныпта оқыту басталды. Келесі оқу жылынан бастап қалған сыныптарға кезең-кезеңімен енгізіледі.

"100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 76 қадамына сәйкес орта білім беру ұйымдарында "Информатика" пәнін оқыту 5-9 сыныптарда аптасына 1 сағат немесе жылына 34 сағат, 10-11 сыныптарда аптасына 2 сағат немесе жылына 68 сағат бөлінеді.  Сондай-ақ, "Информатика" оқу пәні бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны қайта қаралды, мектепте робототехника, 3D модельдеу және машинамен оқыту жүйелері саласындағы қазіргі заманғы бағдарламалау тілдері енгізілді.

АКТ пәндері бойынша студенттердің оқу процесінің практикалық бағытын күшейту мақсатында 2018 жылы ірі кәсіпорындарда жоғары оқу орындары кафедраларының 12 филиалы ашылды. Бүгінгі таңда 10 ЖОО-да тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізу үшін өндірістік кадрлар тартылды. 6 ЖОО базасында Ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік, Ақпараттық қауіпсіздік бағыттары бойынша студенттердің сандық дағдыларын арттыру үшін құзыреттілік орталықтары ашылды.

Ақпараттық технологиялар саласында сұранысқа ие мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайды. 2018 жылы АТ-мамандықтарына 10 мыңнан астам грант бөлінді.

Мемлекеттік бағдарламаның 87-тармағын іске асыру мақсатында Сәтбаев қаласында өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша ҚР Заңы қабылданды. Ағымдағы жылы ҚР БҒМ 20-дан астам эксперименттік білім беру бағдарламаларын бекітті. Осы оқу жылынан бастап бұл бағдарламалар 8 жоғары оқу орнына енгізілді.

Сонымен қатар, ашық білім берудің ұлттық платформасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда түрлі білім беру курстары, соның ішінде 3D үлгілеу, ақпараттық қауіпсіздік, бағдарламалау, АТ тілдері және т.б. ұсынылады. Сонымен қатар, білім беру мен ғылымды басқарудың бірыңғай жүйесін құру бойынша жобалар іске асырылуда.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі