Жаңалықтар

22.10.2018

Бизнес электр желілеріне қосылу рәсімінде ашықтықтың болуын талап етеді

211

Фото Мария Матвиенконікі

Кәсіпкерлер монополистердің қызметін мемлекеттік стандарттар бойынша реттеу қажет дейді, деп жазады abctv.kz.

Бизнес өз нысандарын электр желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды алу кезінде үнемі қиындықтарға тап болады. Монополистердің бұл рәсімдерінде ашықтық жоқ. Олардың қызмет көрсетуден бас тартуының негізділігі көп сұрақ тудырады. Бизнес-қауымдастықтың пікірі бойынша, бұл мәселені осы саланы цифрландыру арқылы шешуге болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде инвесторлар мен кәсіпкерлерді қорғау мәселелері жөніндегі кеңесте «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко мәлімдеді.

«Бизнестің толыққанды дамуына кедергі келтіретін проблемалы мәселелердің бірі - электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар алу. Бұл энергиямен жабдықтаушы компаниялардың өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдалануымен де, нормативтік базаның жетілдірілмеуімен де байланысты. «Табиғи монополиялар туралы» Заңға сәйкес табиғи монополиялар субъектілері интернет-ресурста қолжетімді және бос қуаттар туралы, желілердің өткізу қабілеті және инженерлік коммуникациялардың схемалары туралы ақпаратты орналастыруға міндетті. Алайда аталған нормалар толық көлемде іске асырылмайды. Мысалы, электр энергиясына қосудың негізгі көзі болып табылатын 10,04 киловаттқа қажетті қосалқы станциялар бойынша ақпарат жоқ», - деп атап өтті ол кездесу барысында.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар субъектілерінің сайтындағы ақпаратқа баға беретін уәкілетті мемлекеттік орган анықталмады, мұндай мәліметтердің мазмұнына қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік актілер жоқ, деп сөзін жалғады Савеленко. Бұл электр жабдықтарының шамадан тыс жүктелуі туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге және техникалық шарттарды рәсімдеу кезінде жауапты қызметкерлер тарапынан теріс пиғылды әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік бермейді.

Бизнес мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері мысалында техникалық шарттарды беру кезінде табиғи монополиялар жұмысының нақты бірыңғай алгоритмін енгізуді талап етеді.

Бүгінде әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендеген жоқ, себебі монополистердің қызметтері Мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың әрекет ету аймағынан тыс тұр.

«Бұл субъектілердің қызметі ашық емес. Заңдағы монополистің қызметтері тікелей өз кеңсесі арқылы көрсетілуі мүмкін деген ескерту бекер болмады. Егер бұл тәжірибе одан әрі жалғасатын болса, онда лауазымды тұлғалардың тұтынушылармен тікелей байланыстары төмендетілмейді, әлеуетті жемқорлық тәуекелдері жойылмайды», – деп атап өтті Олег Савеленко.

Әзірге өкінішке орай, монополистің негізсіз бас тарту фактілері бар, ал қуаттарды сот тәртібімен қорғау біраз уақытты алады және ақшалай шығынға батырады.

«Шағым екі жылға дейін созылуы мүмкін. Бізде мысал бар, Қарағандыда «Татьяна и К» компаниясы ескі балабақшаны сатып алды, оны наубайханаға айналдырғысы келді, бірақ оған электр желілеріне қосылуға рұқсат берілмеді. Ол екі жыл монополистердің іс-әрекетіне шағымданды, ақыр соңында дәлелдеді, бірақ біршама уақыт өтіп кеткен болатын. Ол уақыт аралығында нарық та алға жылжыды, нәтижесінде ол банкрот болды. Қазіргі тәртіп тұтынушы үшін өте күрделі. Қосымша шығындар қажет, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындатылады, шенеуніктер өз қызметтерін теріс пайдалану үшін алғышарттар жасайды», - деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі.

Жағдайды шешу үшін бизнес субъектілері делдалдарға жүгінуге мәжбүр болады, бірақ көмекшісымақтар өз істеріне жауап бере қоймайды. Көбінесе олар жауапкершіліктен жалтарады. Осыған байланысты бизнес-қауымдастық Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының оң тәжірибесін пайдалануды және техникалық шарттар алуға өтінімдерді қарау жүйесін қайта қарауды ұсынды.

Монополистердің қызметтері әлі күнге дейін цифрландырылған жоқ. Сондықтан заңға жаңа құқықтарды іске асыру қоғам тарапынан ерекше бақылауды талап етеді. Монополия субъектілерінің мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылының нақты және ашық рәсімдері мен қызметтерді электронды түрде ұсыну қажет, деп жалғастырды ол.

«Жалпы алғанда, монополистер көрсететін қызметтер бизнес тарапынан айтарлықтай наразылықтар тудырады. Біз барлығымыз да электр желілеріне қосудан бас тарту жағдайлары орын алатындығын білеміз, біреуге қызмет көрсетуден бас тартады, біреуге желіге қосылуға рұқсат береді. Осы мәселелер бойынша шағымдар көп. Оның үстіне, қандай шешім қабылданды, қандай жағдай орын алды: бәрі жабық, ешкімге түсінікті емес. Бұл қуат шын мәнінде бар ма немесе жоқ па? Біз «Атамекен» ҰКП бірге бұл проблемамен айналысамыз. Біз осы қызметтерді нақты стандарттап, мемлекеттік етуді қалыптастырдық. Тізілімге кіретін 746 қызмет толығымен жазылған. Бірақ, өкінішке орай, регламенттеумен, стандарттаумен қамтылмаған мәселелер қатары бар, тиісінше бақылау жоқ. Сондықтан да бұл жердегі проблема өте маңызды», – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Карина Әлімова

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі