Жаңалықтар

25.07.2017

Made in Zhetysu тауарлары брэндке айналды

1369

25 Шілде 2017 - Алматы облысы

Облыстың 9 компаниясы Қазақстанның үздік тауары атағынан үміткер

Келесі аптада «Қазақстанның үздік тауары» атты республикалық көрме-байқау және «Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілер көрмесі аясында «Ұлы дала елі» атты бірыңғай брендпен 2017 жылдың ең үздік тауарлары мен қызметтерін анықтайды. Үздіктер үшін күресте Алматы облысынан «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік кезеңінің  9 жеңімпазы қатысатын болады.

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының басшысы Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, жетісулық копаниялардың жүлделі орындарды иеленуге мүмкіндіктері жетерлік. Өйткені, тауарлар мен қызмет түрлері халықаралық стандарттарға сай, сонымен қатар, өңірлік және республикалық нарықтағы тұрақты көшбасшы болып табылады.

Енді Астанада жетісу өлкесін ұсынатын компаниялар жөнінде айтып өтейік.

«Үздік азық-түлік тауарлары»

Лепсіде экологиялық таза өнім - бал өндірумен 100 -ге жуық омарташы айналысады. Жаз айларында толықтай дерлік аралар Лепсінің таулы аймақтарынан алуан түрлі шөптің нәрін жинайды. Айта кетейік, дәл осында, үлкен қалалар мен өнеркәсіпктік объектілерден алшақта Жоңғар Алатау ұлттық табиғи паркі орналасқан. Оның аумағында 100-ден аса бал шырынды өсімдіктер түрі өседі. Жалпы алғанда сапасы мен табиғи шығу тегі даусыз, балдың дәмі бәрін сөзсіз түсіндіреді. «Лепсі өнімі» зауыты Алакөл ауданындағы Лепсі ауылында орналасқан, онда 10 адам жұмыс істейді. Ал өнімдерін Қазақстанның ірі супермаркеттерінен сатып алуға болады.

«Кәсіпорын отандық және шетелдік ең жақсы деген заманауи аппараттармен жабдықталған. Құю мен орау автоматты және жартылай автоматты түрде іске асырылады. Сонымен қатар, өнім ешқандай термиялық өңдеуден өтпейді, сондықтан да өнім дәмін, түсін, иісін, пайдалы қасиеттерін жоймайды. Жарнамалау мен тұтынушыларды тартуда Лепсі балының орамы үлкен рөл ойнайды. Дайын өнім 10 түрлі форматта ұсынылады: 2, 3, 5 кг номиналды салмақтағы ағаш бөшкелер, 35 г-нан 1218 г-ға дейінгі шыны банкалар және 300, 560 және 1800 г салмақтағы премиум кластағы қораптар» – деп, атап өтті компания директоры Фархат Абузяров.

Абузяровтың айтуынша, бал - экологиялық таза өнім, тау-кен әр түрлі шөптер сұрыбы, адам денсаулығына тигізер пайдасы мол әрі жұмсалған энергияны қалпына келтіруге көмектеседі.

Компания электрондық коммерцияны белсенді түрде дамытуда. ЖШС Jumore электрондық алаңында тіркелген алғашқы компаниялардың бірі. «Лепсі өнімдерінің» биылға жоспары бал экспортын кеңейту. Бүгінгі таңла Лепсі балына Ресей, Қытай, Түркия, Жапония БАӘ және Еуропа елдері қызығушылық танытып отыр.

Барлығы «шинлайн» болады!

22 жылдық тарихы бар компания жылына 13 мың тоннадан астам 140 өнім түрін  шығарады! Қазақстан нарығындағы «Шин-Лайнның» қаржылай үлесі 35%-ды құрайды. Іле ауданында компанияның балмұздақ өндіретін меншік фабрикасы, сүт өнімдерін өндіретін және жартылай фабрикаттар мен тез дайындалатын кеспе өндіретін зауыты бар. Айта кету керек, «Шин-Лайн» нарықта жиырма жыл бұрын пайда болған біздің сүйікті балмұздағымыз «Бомбаның» авторы. Компанияда Қазақстан бойынша 2 200-ден астам адам қызмет істейді. Кәсіпорын ТМД бойынша жаңа ірі фабрика ашуды жоспарлауда, осылайша өндіріс көлемін үш есеге ұлғайтып, ел нарығының 45%-н қамтуды көздеуде.

2016 жылдың тамыз айында «Шин-Лайн» компаниясы Universal кинокомпаниясымен  Illumination Entertainment студиясының танымал мультфильдері «Гадкий Я» және «Миньоны» кейіпкерлерінің суретттерін пайдалануға келісім жасасты. Әлемге әйгілі кейіпкерлердің суреттері эскимо, пломбир, рожок, көпіршітілген балмұздақ десерттерінің және кілегейлі-банан балмұздағының орамасында бейнеленді. 2016 жылдан бастап кәсіпорында бақылаудың жаңа жүйесі енгізілді, бұл жүйе өнімнің сапасын барлық кезеңде, дүкенге жеткізгенге дейін бақылауға мүмкіндік береді.

Бас директор Андрей Шиннің айтуынша, өнімнің әрбір түрі ерекше шабытпен әзірленеді.

«Әрбір рецепті іздеу - ол ең жақсы шешімді іздеу, сарапшылармен кездесу және талқылау. Бүкіл өндіріс автоматтандырылғандығына қарамастан, әрбір процесс инновациялық болып  табылады.  5 миллион долларды құрайтын инвестицияны тартудың арқасында және Дат компаниясы Gram Equipment-пен ынтымақтастық арқасында жаңа желі іске қосылды. Оның  өнімділігі сағатына 36 000 порцияны құрайды, яғни тәулігіне 70 тоннадан астам. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек ТМД ғана емес, Шығыс Европа және Азия бойынша алда», -деді «Шин-Лайн» басшысы.

Балдай тәтті алма

Компания 2013 жылдан бастап нарықта бау-бақша және мал шарушылығы өнімдерін өндірумен айналысады. «Apple word»-тың дәмі мен пайдалы қасиеттері ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Алмалар экологиялық таза ортада өсірілген, бұл өз кезегінде қант, бояу, иістендіргіш және басқа да консерванттарсыз, сонымен қатар, су мен концентрант қоспай-ақ таза алма шырынын дайындауға мүмкіндік береді.

«Біздің өндіретін алма шырынының құрамына тез қорытылатын көмірсулар, қант, органикалық қышқылдар, тағамдық талшықтар, ақуыздар мен майлар кіреді. Дәрумендерден: В дәруменінің тобы, С, Е, РР, Р кіреді. Көптеген минералдар, калий, кальций, магний, темір, йод, фтор, фосфор, натрий және басқалары, бұлар шырынды тек қана дәмді етіп қоймай, пайдасын да арттырады. Біздің өнімді пайдалансаңыздар денсаулықтарыңыз мықты болады», - дейді технологтар.

Зауыт Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. Айта кету керек, «Apple word» компаниялар тобы «Апортты қайта жаңарту» бағдарламасының белсенді қатысушылары болып табылады. Компания отандық ауылшарушылық эко -туризмді дамытуға да айтарлықтай үлес қосуда.

«Үздік өндірістік тауарлар»

Ең үздік крахмал! «Жаркент крахмал өндіру зауытын» 2013 жылы Индустриализация картасының инвестициялық жобаларының тұсауын кесу барысында Елбасы Н. Назарбаев телекөпір арқылы ашқан болатын. Дегенмен, зауыт тарихы 2005 жылдан бастау алады.

Осыдан үш жыл бұрын зауыт толық жаңғыртудан өтіп, жаңа инвестициялар тартылды. Бүгінде кәсіпорын қуаттылығы 220 мың тонна жүгері астығын өңдеу арқылы 20-ға жуық өнім түрлерін шығарады. Өнімді азық-түлік ретінде де, косметикалық, фармацевтикалық және өнеркәсіптік мақсатта да пайдалануға болады. Кешеннің 80%-ға жуығы автоматтандырылған, бұл өз кезегінде тауардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Зауыт не шығарады?

  • Модификацияланған крахмалдың 18 түрін;
  • Мальтоздық шырындар;
  • Глюкозалық шырындар;
  • Глютен;
  • Жүгері майы;
  • Құрғақ жүгері ұрығы;
  • Кебек;
  • Түйіршіктелген құрама жем.

Кәсіпорынның дамуына зауыттың орналасқан жері де айтарлықтай үлес қосып отыр. Панфилов ауданы колхоз бен совхоздар құрыла бастаған уақыттан бүгінге дейін жүгерінің  «сарқылмас қоры» болып келеді. Дәл осы жүгері крахмал өндірудегі басты шикізат болып табылады.

5 жылдан астам уақыт кәсіпорын Бүкілресейлік крахмал өнімдерінің ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланыста болды. Солармен бірлесе отырып өндіріс технологиясы, технохимиялық бақылау мен өндірісті есепке алу, дайын өнім мен басты шикізаттың зертханалық сараптамасы, технологиялық жүйе бойынша сараптама жасады. Осының арқасында Жаркент крахмал өндіру зауыты жүгері дәнін өңдейтін Қазақстан бойынша  және Орта Азия бойынша отандық ірі тауар өндірушілердің біріне айналды.

«Сіз білесіз бе, кез келген адамда бірегей қабілет бар. Біз не қаласақ та міндетті түрде ғайыптан орындалады. Бірақ ол үшін жатқан орныңнан тұрып, алға қойған мақсатыңа жету үшін еңбектену керек. Егер Қазақстанның әрбір іскер азаматы адал жұмыс істесе, қиындықтан қорықпаса еліміздің экономикасы барынша гүлденер еді», - дейді «Универсал» компаниялар тобының басқарма төрағасы Зәкіржан Кузиев.

Супер сэндвичтер

Қапшағай қаласында орналасқан қабырға мен жабуға арналған сэндвич панельдерді шығаратын «Полимерметалл» ЖШС республикаға кеңінен танымал. Компанияға құрылыс концерндері мен мұнай кен орындарын зерттейтін ірі компаниялар лайықты бағасын берген. «Полимерметалл» шығаратын сэндвич-панельдер сапалы материал ғана емес, конструкторлық шешімдер мен құрылыс жұмысын жеделдетуге, шығынды азайтуға айтарлықтай себебін тигізіп тұр. Кәсіпорын «Отандық өндіруші – мемлекет тірегі» деген қағиданы ұстанады.

Жұмыс атқарып жатқан уақыттан бері компания құрылыс саласындағы озық компаниялардың бірі екендігін дәлелдеді. Көптеген марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.

Жұмыс атқарып жатқан уақыттағы кәсіпорынның шығарған өнімдері:

  • Сэндвич-панельдер -1 млн. шаршы метрден астам
  • Металды жабын – 117 891,62 шаршы метр
  • Профжаймалар – 111 966,69 м/п
  • Блок-модульдер – 51 дана

«Полимерметалл» компаниясының конвейерінен шыққан өнім Алматы қаласындағы «Алатау IT CITY», «Атакент» көрме орталығының көрме павильондары, «Maxima», «Арзан» сауда үйі,  Қарағандыдағы «Magnum», Талдықорған, Капшағай қалаларындағы «Сити Плюс» ССО және басқа да орындарда пайдаланылды.

«Полимерметалл» жеткізу орындарын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Өндірістік мақсаттағы үздік тауар атауын ақтауды мақсат етуде.

Жетісудың жаңа бренді

Бұл компания нарықта 10 жыл қатарынан полиэтиленнен сапалы құбыр желісі жүйелерін өндіреді. Мамандардың айтуынша, «Plast Invest Production» компаниясының басты ерекшелігі – тауарды тез жеткізу, жеңілдіктер мен қоймалардың әрдайым толы болуында. Осы артықшылықтар компанияға деген сенімді арттырып, тұтынушылар саны еліміз бойынша арта түсуде. Бүгінгі таңда кәсіпорында 100-ден астам адам  жұмыспен қамтылған.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының сарапшылары кәсіпорынның инновациялық жұмысын атап өтті. «Plast Invest Production» ЖШС құбырлары KraussMaffeі атты неміс жабдығында дайындалады. Зауытта куәландырудан өткен зертхана жұмыс істейді, жаңа технологиялық жабдықтар орнатылған. Микропроцессорлы басқару техникасы, үдерісті технологиялық бақылау, құбырлардың ішкі қысымын гидравликалық сынау сияқты жабдықтар бар. Компания өз өніміне 50 жылға кепілдік береді. Бүгінде «Plast Invest Production» Жетісудың бренді деген атқа ие.

«Халыққа арналған үздік тауар»

«Алтын» жұмыртқа

Жамбыл ауданындағы «Сұңқар» Алматы құс фабрикасы» ЖШС-нің  құрылғанына 5 жыл ғана болған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мұнда электр желісі мен газ құбырын жүргізді. Қазіргі таңда құс фабрикасында 4 ересек құс кешені мен 1 балапан өсіру бөлімі бар. 170 мың тауықтан күніне 150 мың жұмыртқа алынады. Барлық өнім бірден сұрыптау цехына жіберіледі. Онда жұмыртқалар голландтық құрал-жабдықта категориялар бойынша сұрыпталып, қапталады да, Алматыға және жақын маңдағы дүкендерге жіберіледі.

Құс фабрикасы жылына 44 миллион жұмыртқа өндіреді. Келешекте фабрика өнімділік мөлшерін үш есеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл үшін айтарлықтай жұмыс атқарылып та жатыр. Фабрикада жем зауыты салынып, жаңа құс кешендерін салу жоспарланған. 2017 жылдың аяғында фабриканың жалпы қуаты жылына 168 млн жұмыртқаға жетеді деп көзделуде.

Very is good!

Әсем, талғамды, әдемі. Талғар ауданындағы «GLAS­MAN» компаниялар тобы ер адамдарға арналған классикалық киім үлгісін ұсынады. Киім желісі талғамы жоғары деген тұтынушылардың да көңілінен шығуда. Өнім эксклюзивті дизайн және жоғары сапада шығады.

2002 жылы компания «Біздің форма – біздің мектептерге» атты жобаны енгізді, бүгінде мектепке арналған киім топтамалары жайында халық арасында: балаларда да, ата-аналарда да жақсы пікір қалыптасқан. Өндірісте табиғи және экологиялық таза маталар қолданылады.

Компания директоры Анвар Хилажевтің айтуынша, «GLAS­MAN» 18 жыл ішінде бизнес пен демалысқа арналған сапалы әрі ыңғайлы киім шығару арқылы Қазақстан мен Ресей азаматтарының сүйіспеншілігіне бөленіп отыр.

Бүгінде фабрикада 250 адам жұмыс істейді. Жылына 150 мың өнім шығарылады. Өндіріс Еуропаның жоғары сапалы A-S-S, PFAFF, DUERKOPP, AMF-REECE атты тігін жабдығымен және INDUPRESS прессімен қамтылған. Өндірісте сапасы жоғары маталар қолданылады.

Халық денсаулығына арналған бизнес

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС 2000 жылдың қыркүйегінде құрылған. Дәрі-дәрмектің бірінші партиясын компания 2002 жылы шығарды. Бастапқыда төрт препарат шығарылған еді. Бүгінгі таңда кәсіпорын дәрінің 100-дей түрін шығарады. «Абди Ибрахим Глобал Фарм» компаниясы қан құрамында қантты азайтатын, туберкулезге қарсы, бактерияларға қарсы, ішек-қарын жолы ауруларына арналған дәрілерді шығарады. Мұнда 3 500 адам жұмыспен қамтылған.

Технологтардың айтуынша, кәсіпорынның ғылыми-зерттеу орталығында препараттардың дженериктерін әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Орталық жүйке жүйесі, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары, онкологиялық, метоболизм ауытқуларына қарсы дәрі-дәрмектерді әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Компания өнімі шетелдегі 20 елге экспортталады, бұл тізім келешекте ұлғайтылмақ. Компания бизнесін жаңғырту арқылы халық денсаулығын, өмір сапасын арттыруда.

Байқаудың республикалық деңгейінде компаниялар «Ұлы дала елі»: Сатып алулар, Өткізу, Сауда, Экспорт отандық тауар өндірушілердің ІІІ форумына қатысады. Форум аясында «В2В» форматында кездесулер ұйымдастырылады.

Толығырақ: http://palata.kz

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі