Жаңалықтар

23.06.2017

Ұлттық холдингтерді қалай тиімді етуге болады?

930

Капитал

Сарапшылар бұл мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстарын ортаға салды

Квазимемлекеттік сектор көптеген мәселелерді жинақтады – қызметтің ашық болмауы, банк пен бюджет арасындағы делдалдық қызметтің тиімсіздігі, қабылданатын шешімдердің сапасының төмендігі. Нәтижесі ретінде осы сектор қатысушыларының жарғылық капиталды бюджет есебінен үнемі толықтырып отыруы, дивиденд түріндегі қайтарылымның өте аз мөлшерде болуын айтуға болады. Бүгінде квазимемлекеттік сектордың ішкі қарызы айтарлықтай қомақты, сондықтан да сарапшылар билік бұл көзге көрінбейтін қарызды мойындап, ішкі саясатқа енгізуі керек пе, әлде бұл мәселенің шешімін мемлекеттік компаниялардың өздеріне қалдыру керек пе деп дауласуда. Сонымен қатар мәселе ашықтық пен тиімсіздікте емес деген пікірлер де бар. Мұның тамыры тереңде – корпоративтік басқару қағидаттары бұзылған, оның үстіне бұл жағдай қолданыстағы экономикалық саясатта орын алған.

Нақты өлшемдер болмаса

«Zertteu Research Institute» ЗФ-ның директоры Шолпан Әйтенованың пікірінше, мәселе бізде квазимемлекеттік компанияларға қандай компания жататындығы жөнінде нақты түсініктің жоқтығында.

«Квазимемлекеттік сектор туралы сөз болған кезде, қоғамдық пікірталастарда көбіне ұлттық компаниялар мен холдингтер туралы айтылады. Дегенмен біздің заңнамаға сүйенер болсақ, квазисектор әлдеқайда ауқымды. Алайда әлі күнге дейін оған ненің кіретіндігі жөнінде нақты өлшем жоқ», - деп бастады сарапшы сөзін «Кипр» талдау тобының пікірталасында.

Біздің заңнамада тек квазимемлекеттік сектор субъектілері деген ұғым ғана бар, мемлекетке тиесілі мұндай ұйымдар осындай болып есептеле алады дейді ол. Оның айтуы бойынша, Бюджет кодексіне сәйкес бұлар мемлекеттік компаниялар – мемлекетке тиесілі ЖШС, АҚ, сонымен қоса холдингтер мен ұлттық компаниялар. Бүгінде квазимемлекеттік секторға жатқызуға болатын 6 мыңнан астам субъектілер бар – олар мемлекеттік ЖШС мен АҚ. «Мысалы мемлекеттік ұйым «Қазгидромет», Қоянды ауылындағы мемлекеттік ұйым – балалар бақшасы және «Халықаралық Семей әуежайы», сонымен қатар «Самұрық-Қазына» немесе «Бәйтерек» – деп мысал келтірді спикер. Оның айтуынша заңнама мемлекеттік және экономикаға жұмыс істейтін және бюджетке тәуелді қызмет көрсетуші компаниялардың аражігін ажыратпайды», - деп, түсіндірді Шолпан Әйтенова.

Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектордың көлемін атауға келгенде әртүрлі сандар айтылады. Мөлшер қандай, мемлекеттік активтердің құны қандай?  Реттеуші ретінде мемлекет тарапынан да бұл сұраққа жауап жоқ. «Сараптамалық қауымдастық ЖІӨ үлесі 14% дейді, Астанада өткен соңғы экономикалық форумда мынадай сан көрсетілді: экономикадағы мемлекеттің үлесі 60% дейін жеткен», - деп, атап өтті спикер.

Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор мемлекеттік бюджеттен қаржылық активтер мен бюджеттік несиелеу арқылы қаржыландырылып отыр. Қалай болғанда да биыл квазимемлекеттік сектор мемлекеттік бюджеттен  300 млрд. теңге көлемінде қаржы алады. Бұл қаржылық-шарушылық қызмет нәтижелеріне қарамастан орын алғалы тұр.

Сарапшының айтуынша, квазисектордың қызметінің нәтижелілігіне кім жауап береді деген күрделі мәселе туындаса, жеке сектормен салыстырғанда мемлекет әрі меншік иесі әрі реттеуші болып табылады. Және бұл рөлдердің ара жігін ажырату қиын, сонымен қатар мемлекеттік органның меншік иесі және басқарушы рөлінің ара жігін ажырату да оңайға соғып тұрған жоқ. Квазимемлекеттік сектордың қызметінің тиімділігіне баға беретін бірыңғай тәсіл жоқ.

Шолпан Әйтенованың пікірі бойынша, негізі ұсыныс – мемлекеттік мүлікті есепке алып қана қоймай, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқармасына мониторнг жүргізіп, баға беретін уәкілетті орган қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік компаниялар қоржынын құқықтық нысанда емес, міндеті бойынша мемлекеттік қомпаниялардың қызметіне, олардың құқықтық нысанына қарамастан ашықтық енгізу қажет.

Квазимемлекеттік сектордың тұйыққа тірелуі

Квазимемлекеттік сектор үкіметтің бақылауынан шығып кетті деп ойлайды «Талап» қолданбалы зерттеулер ғылыми орталығының директоры Рахым Ошақбаев. «Біз қолжетімді ақпарат көздеріне сүйене отырып, 2007 жылдан 2016 жылға дейінгі ақпаратқа талдау жасадық. 34,3 млрд.$ квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне – үш ірі мемлекеттік холдингке – «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «Қазагроның» жарғылық капиталына қаржы несиелік немесе бюджет арқылы тікелей немесе жанама түрде құйылып отырған. 1,6 млрд. теңге көлемінде дивидендтер төленген. Түрлі алмасым дерсің», - дейді спикер.

Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектор банк пен бюджет арасында тиімсіз делдал болған, және бұл тиімсіз делдалдық өсу үсінде. «2016 жылдың 1 шілдесінде Есеп комитетінің деректеріне сүйенсек квазимемлекеттік сектор өтімді нысанда немесе депозиттерде 5,4 трлн. теңгеге ие болған. Бұл қомақты сома, анығын айтсақ, бұл халықтық және заңды тұлғалардың өтімді қаражатының 32% және заңды тұлғалардың қаржы салымдарының 57%. Бұл үш холдинг ең ірі қаражатты ұстап отырғандығын және қаржы нарығын құрап, тиісті бұрмалау жасап отырғандығын көрсетеді», - дейді Рахым Ошақбаев.

Ол тұйыққа тірелгенімізді айтады. «Өсу қарқыны төмен, сондықтан да мемлекет фискальдік тәсілмен өсуді ынталандыруға мәжбүр, мысалы мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді өсіру. Осы шығындардың барлығы квазимемлекеттік сектор бөлетін тамшыдай ғана қаражатпен қаржыландырылатын болғандықтан, қаржы жоғары базалық мөлшерлемелерге байланысты несиелеуге жіберілмейді. Бұл экономикалық өсу қарқынын төмендетеді, үкімет тағы да бұдан шығар жолды іздеп фискальді жолмен ынталандыруға мәжбүр болады. Өйткені квазимемлекеттік секторлар қаржыны банкте ұстайды, ал Ұлттық банк өз кезегінде, бюджеттік қалдықтарды жұту үшін жоғары базалық мөлшерлемені ұстап тұруға міндетті. Бұл ұлттық банктің монетарлық саясаты мен бюджеттік, салықтық билік арасында үйлестірудің жоқтығын білдіреді», - дейді сарапшы.

Жағдайды қалай өзгертуге болады деген орайда ол екі идеясын ортаға салды. Біріншісі – былтыр және биыл үкіметке мемлекеттік меншікте қалуға құқылы компаниялардың жабық тізімін жасау. Ал осы тізімге кірмеген компаниялардың барлығын тез арада жекешелендіру керек, егер сатып алушы табылмаған жағдайда заңды тұлға ретінде жойылуы тиіс.

Екінші идея —бұл үкіметтік емес секторға ұсыныс. Тұрақты түрде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін талдап, бағалайтын үкіметтік емес ресурс құру. Ол көптеген мемлекеттік органдардың құзіретіндегі функцияларды атқарар еді. Ол тәуелсіз ресурс ретінде, шындықты іздеу кезінде бұл жұмысты әлдеқайда тиімді атқарар еді.

Көзге көрінбейтін мемлекеттік қарызды қайтпек керек?

Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының директоры Қасымхан Қаппаров квазимемлекеттік сектордың  қауіп төндіретін тағы да бір «қараңғы тұсын» айтып өтті – ішкі қарыздарын барынша ұлғайту.

 Көзге көрінбейтін мемлекеттік қарыз — мемлекеттік қомпаниялардың шетелден алған қарыздары, қағаз жүзінде ол үкіметтің қарызы болып саналмайды. Мемлекеттік қомпаниялар әрдайым үкіметпен тығыз қатынаста. Осындай жүйеде мемлекеттік компаниялар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру кезінде екінші бюджеттің қызметін атқаратындығы таңқалдырмайды. Бұл өз кезегінде қаражатты мақсатсыз, әрі тиімсіз қолдануға әкеледі.

Көзге көрінбейтін мемлекеттік қарыздың қауіптілігі неде? Сарапшы бұл сұраққа былай деп жауап береді. Ресми экономикалық саясат пен мемлекеттік бағдарламалар мемлекеттік компаниялар қарызын төлей алмай қалуы мүмкін деген ойды қарастырмайды. Нәтижесінде үкімет бұл мәселеге дайын емес – мемлекеттік компания сыртқы қарызын төлемеген жағдайда не істеу керектігі жөнінде еш жоспар құрылмаған, қаражат салынбаған болып шығады.

«Мемлекеттік қарыздың басым бөлігі қоғам үшін беймәлім болып қалады. Үкімет ресми түрде мемлекеттік компаниялардың қарызын төлеуші болатындығын мойындаған жоқ. Осы қарыз ұзақ мерзімді кезеңде экономиканың дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын анықтайтын болады», - дейді спикер.

Оның ұсынысы мынандай. Біріншіден, үкімет ресми түрде аталмыш мәселенің бар екендігін мойындап, көзге көрінбейтін мемлекеттік қарызды экономикалық саясатқа енгізуі керек. Бұл үшін ең алдымен, премьер-мнистрдің басшылығымен мемлекеттік компаниялардың сыртқы қарыздарына қатысты жұмыс тобын құру керек.

Екіншіден, мемлекеттік компаниялардың қарыздарын тоқтату керек, деп жалғастырды Қасымхан Қаппаров. «Самұрық-Қазына» және басқа да компаниялардың ортақ қарызына лимит орнату қажет. Қазірде Қытай мемлекеттік банкінен 3 млрд.$ алу жоспарлануда. Бұл мысалдан байқағанымыз, үкімет әлі де мемлекеттік компаниялардың қарызының өсуін тоқтата алмай отыр», - дейді сарапшы.

Үшіншіден, оның пікірінше, көзге көрінбейтін мемлекеттік қарызға бақылау жасау керек, оны бюджеттік жобаға енгізіп, процесті парламент бекітетіндей ету керек.

Жауапкершілікті мойындау

Экономист Жарас Ахметов квазимемлекеттік компаниялардың қарызын республика бюджетіне қосуға келіспейтіндігін білдірді.  «Қарыз емес, бейімделіп болған істің салдарынан қалпына келе алмайтын мемлекеттің жүйелі құрылымы қауіпті, мысалы – дефолт» – дейді эксперт. – «Мемлекеттік компаниялар өз қарыздары үшін өздері жауап беруге тиіс».

Оның айтуынша, екінші мәселе, ЭЫДҰ ұсынғандай саяси шенеуніктер директорлар кеңесіне кірмеулері керек. Мемлекет операциялық қызметке арласпағаны жөн. Бұл корпоративтік басқарудың базалық қағидаты.

«Бізде мемлекет үнемі ағымдағы операциялық қызметіне араласады. Және тек мемлекет қана емес. Құлаған жеке қорлар, проблемалы жеке банктер – ол жерде барлық мәселе олардың жұмысына акционерлердің үнемі араласуынан болды. Міне, осымен күресу керек», - дейді Жарас Ахметов.

Оның айтуынша, біз мемлекеттік компанияларға мемлекет жауапты болуға, қолдауға, көмектесуге міндетті емес екенін мойындағанда ғана  - білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау жүйесін қоспағанда – біздегі жағдай бірден өзгереді. «Егер біз дефолт тізбегінен, банкроттық, тіпті осыған байланысты экономиканың құлдырауынан өтіп кетсек, бұл бізге үлкен пайда болмақ, бұл біздің экономикамызды тазартып, емдейді», - деп, есептейді спикер.

Экономика «жарқ ете қалмасы» анық

ҚР ұлттық банкінің заң кеңесшісі, экономист Айдархан Құсайынов квазимемлекеттік сектордың болуы және оның өсуі – экономикалық саясаттың нәтижесі екендігіне назар аударды. «Егер саясат жүргізіліп, онда бәсекелестік дамымайтын болса, онда мемлекет үшін экономиканың өсуін қамтамасыз ететін бірден-бір жол  - бизнес ойындарын ойнауға тырысу. Қазіргі жағдайда мемлекеттік компанияларды қысқарта салу мүмкін еместігін білуге тиіспіз. Таңдау мынадай болмақ: немесе күрт өзгеріс енгізіп, эконоканың құлдырауына жол беру, немесе бұғып алып бұрынғы тапталған жолмен жүре беру», - дейді спикер.

Ол квазимемлекеттік сектордың прблемасы – корпоративтік басқару мен есеп берудің, ашықтықтың проблемасы емес екендігін айтып өтті. Бұл қоданыстағы соңғы сегіз жыл бойы жүргізіліп келе жатқан экономикалық саясатта квазимемлекеттік сектордан басқа құрал жоқ болуының мәселесі. Және де үкімет корпоративтік басқару принциптерін бұзып отыр, - салдары осы.

«Үкімет квазимемлекеттік секторды сол арқылы нарықты құру үшін құрады, сондықтан да араласады – бұл соның үлгісі: квазимемлекеттік сектор бизнеспен айналысу үшін емес, итермелеп отыру үшін құрылады», - дейді Айдархан Құсайынов.

Ол квазимемлекеттік секторды мұқият бөлу керектігімен келіседі, дегенмен мәселенің тамыры мұнда емес. «Қазір біз квазимемлекеттік секторды қысқартып, бір жолға саламыз, сосын «экономика жарқ ете қалады» деген қиялдан ойымызды аулақтайық. Бұлай әсте болмайды», - деп түйіндеді спикер.

Елена Тумашова

Ақпарат көзі: https://kapital.kz/economic/60828/kak-sdelat-nacholdingi-effektivnymi.html

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі