Жаңалықтар

17.04.2026

ҚР АК мен АПК құқықтық доктринасына қайшы келетін бәсекелестік мәселелері жөніндегі БҚДА-ның заң жобасы – Бизнес-омбудсмен

17

2026 жылғы 10 сәуірде Бизнес-омбудсмен Нұров Қанат Ілиясұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) бәсекелестік мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау барысында сөз сөйледі.

Ол заң жобасын қазіргі редакциясында қабылдауды кейінге қалдыруды ұсынып, бірқатар экономикалық және құқықтық тәуекелдерге назар аударды.

Ең алдымен, оның пікірінше, жоба ұсынылып отырған құқықтық нормаларды қолданудың нақты өлшемшарттарын қамтымайды. Мәтіннен олардың тек ірі бизнеске ғана емес, іс жүзінде барлық бизнеске қолданылуы мүмкін екені байқалады, бұл сарапшылар қауымдастығында елеулі алаңдаушылық туғызады.

Бизнес-омбудсмен бизнес үшін «үштік жаза» деп аталатын мәселеге де ерекше тоқталды. Монополияға қарсы заңнаманы бұзған жағдайда бизнеске қатысты белгісіз тұтынушылар тобының пайдасына шектеусіз сипаттағы өтемақы төлеу ұсынылады, бұл осы құқықбұзушылық үшін бұрыннан көзделген санкцияларға — мемлекет пайдасына монополиялық табысты алып қою және айналымдық айыппұлдарға — қосымша ретінде қарастырылып отыр.

Бұл ретте, оның пайымдауынша, тұтынушыларға өтемақы төлеу тетігі басқаша іске асырылуы мүмкін - монополияға қарсы органның зардап шеккен тұтынушылар арасында монополиялық табысты бөлу туралы ұйғарым шығаруы арқылы, бұл Kcell және Air Astana жағдайларында орын алған. 

Заң жобасында залалды бөлу тәсілін енгізу де сынға алынды – залалды дәлелдемелер негізінде емес, «зардап шеккендердің қалған бөлігі сияқты» өтеу ұсынылады. Бұл тәсілмен тұтынушыларға өтемақы мөлшері олардың нақты шығындарынан едәуір асып кетуі мүмкін. Мұндай тұжырым, Бизнес-омбудсменнің пікірінше, Елеулі құқықтық белгісіздік тудырады. 

Жекелеген мәселелер «адамдар тобының әлеуетті мүшелері»  санатын пайдалануды да тудырады - яғни сот талқылауы кезінде сот ісіне қосылуға ниет білдірмеген адамдар. ҚР Азаматтық кодексінің қолданыстағы нормалары азаматтық құқықтарды қорғау егер адам бұл туралы мәлімдеген жағдайда ғана мүмкін болатынын көздейді. 

Бизнес-омбудсмен ұсынылған редакцияда заң жобасы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалған азаматтық құқықтарды қорғаудың тұжырымдамалық негіздеріне қайшы келетінін атап өтті.

Қолданыстағы заңнамада құқық субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу тетіктері азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздерінің бірі ретінде, оның ішінде ұжымдық талап қоюлар шеңберінде де көзделген. Ал «тұлғалар тобы» ұлттық құқықтық жүйеде құқық субъектісі болып табылмайды.

Азаматтық кодекстің қолданыстағы ережелерін тікелей бұзатын жаңа нормаларды енгізу зиянды өтеуді көздейтін нормалардың жүйесі мен тұтастығын бұзады.

Сондай-ақ, ол анықталмаған және белгісіз тұлғалардың атынан талап қою мүмкін еместігін атап өтті, өйткені мұндай тұлғалар талап арыздың берілгені туралы хабардар етіліп, оған қатысудан бас тарту мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Заң жобасының осы ережелерінің барлығы оның құқық қолдану тәжірибесінде құқықтық айқынсыздық пен болжап болмайтындыққа әкеледі.

Бұдан бөлек, Бизнес-омбудсмен тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататынын атап өтті, ал БҚД) ең алдымен бәсекелестікті қорғау және дамыту үшін жауап береді және тек осы шеңберде ғана тұтынушылардың құқықтарын қорғайды. Осыған байланысты, ол БҚДА тарапынан бизнеске бақылауды күшейтудің орынсыздығы туралы мәселе көтерді.

Ол экономикалық шоғырлану мәселелері бойынша «Атамекен» ҰКП ұстанымын қолдап, ЕАЭО жағдайында отандық бизнестің экономикалық шоғырлануы түрінде күшеюі, керісінше, қажет екенін атап өтті. Өйткені бұл ТМД елдерінің, атап айтқанда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының өнімдері аясында оның бәсекеге қабілеттілігін қорғайды.

Жоғарыда аталған негіздерді ескере отырып, Бизнес-омбудсмен заң жобасын кері қайтаруды ұсынды. Олай болмаған жағдайда, өзіне берілген реттеушілік апелляция құқығы шеңберінде, құқық қолдану барысында туындауы мүмкін теріс салдарлардың қорытындылары бойынша оны күшін жою туралы ұсыныспен Мемлекет басшысына жүгінуге ниетті екенін жеткізді. 

Отырысқа сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=2SOJmVU7rtI 

https://www.youtube.com/watch?v=3tkrvBSFO78&list=PLeD0431bWhXbAx_b8wYH4MKbqbZof4sGi

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі