Жаңалықтар

13.06.2024

Қанат Нұров: Кәсіпкердің пайдасы мемлекетке зиян ба?

1236

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатысты. Игорь Роговтың төрағалығымен өткен отырыстағы талқылаудың негізгі тақырыптары Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету туралы және Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтің тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы баяндамалары болды.

Қ.І.Нұров министрлердің көлемді баяндамаларын мақұлдай отырып, Ғылым және жоғары білім министріне «жоғары кәсіптік білім» деп аталатын стандарттың ертеден реттелмей келе жатқан мәселесін шешу керектігін алға тартты. Атап айтқанда, жоғары білімнің орта білім сияқты кәсіптік бола алмайтындығына назар аударды. Жоғары білім – әрдайым ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық сияқты барлық деңгейлерде академиялық білім болып қала бермек. Осы ретте ЖОО-дағы бейіндік мамандықтардың ғылыми-педагогикалық және басқа да академиялық мамандықтармен қалай салыстырылатыны түсініксіз.    

Сондай-ақ, Қанат Нұров Комиссия жұмысы регламентінің баяндамалар уақытын шектеу жөніндегі бөлігіне жасалған ұсынысқа қатысты пікірін айтып, баяндамада адам құқықтарының нақты қай жерде бұзылатынына және оны қалай түзетуге болатынына айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті. Ол жеке адамның барлық құқықтары адам құқықтары болып табылмайтынын, ал адамға туғаннан бастап табиғи және ажыратылмас түрде берілетін (заңнамаға, адамның жеке қасиеттеріне немесе сіңірген еңбегіне қарамастан) және сондықтан да құқықтық мемлекеттегі табиғи құқық доктринасы үшін іргелі болып табылатын құқықтар ғана адам құқығы болып табылатынан атап өтті. Тиісінше, бұл құқықтар мемлекет тарапынан білім беру сапасын қамтамасыз ететініндей немесе өндірушінің тұтынушыға өнім сапасын қамтамасыз ететініндей материалдық қамтамасыз етуді қажет етпейді, тек тиісті нормаларды сақтау мен қорғауды қажет етеді.

Ол өз атына келіп түскен 2 өтінішті мысалға келтіре отырып, кәсіпкерлерге қатысты адам құқықтарын бұзу жағдайлары құқық қорғау және сот органдарының қызметінде белең алып келе жатқанын айғақтап берді.

Бірінші жағдай – орташа нарықтық құны 1 500 000 теңге тұратын күн панельдерін фермерлерге 3 100 000 теңгеге сатқан Б.Иманов пен С. Орақбайға қатысты. Олар 6 жылға бас бостандығынан айырылған, алайда олар АШМ басқармасынан фермерлердің инвестициясын өтейтін субсидия алу жөніндегі инвест-шарттың тарапы емес. Олар тек қана фермерлердің атынан АШМ басқармасына берілген қаржылық талаптарды пайдаланды. Бұл ретте субсидиялар берген АШМ басқармасының шенеунігі жазаланбады, өйткені субсидиялар дұрыс берілді. Фермерлер де жазаланбады, өйткені сатып алынған инвестициялық тауарлары қолында. Жазаланғандар – тек қаржы кредиторлары. Оларға субсидиялар алу үшін құжаттарды бұрмалап, алаяқтық жасаған деген кінә тағылған.

Бірақ егер ешқандай зиян болмаса, онда бұл ықтимал құжат бұрмалануының іске ешқандай да қатысы жоқ қой, оның үстіне сотта сатып алу мен сату бағасының айырмашылығынан басқа ешқандай да зиян анықталмаған. Осыған байланысты Бас прокуратура Жоғарғы Сотқа кассация тәртібімен наразылық білдірді, алайда ЖС Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шаруа қожалықтары ешқандай шығын шекпеді деген ұйғарыммен наразылықты қабылдамай тастады. Бұл деген мүлдем шындыққа жанаспайды. Шындығында келгенде, фермерлер күн панельдерін сатып алуға міндеттеме алу арқылы шығын шегіп отыр. Олар осы міндеттемені өздерінің факторлық несие берушілеріне жүктеу арқылы орындады, осылайша  несие берушілер өз кезегінде субсидия талап ету құқығына ие болды.

Қазіргі кезде кәсіпкер Л.Көккөзоваға қатысы жағдайда да осыған ұқсас проблема орын алуда, оның осыдан 8 жыл бұрын көрсеткен қызметтерінің бағасы сол кездегі орташа нарықтық бағадан жоғары болғаны мемлекетке зиян ретінде қарастырылып отыр.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл мұндай тұжырымдардың негізділігіне күмән келтіретінін жасырмады. Егер кәсіпкерлердің мақсаты нарықтағы тауарлар тапшылығын жоюдан пайда табу болса, онда «Кәсіпкердің пайдасы қашаннан бері мемлекетке зиян болып еді?» деген орынды сұрақ қойды. Егер шарт бойынша бағаны орташа нарықтық бағадан асырғаны үшін біреуді бас бостандығынан айыру керек болса, онда шартта көрсетілген бағаны мемлекет атынан төлеген адамды бас бостандығынан айыру керек. Егер адам бұл қаржыны жеке келісім арқылы алуға құқылы болса және сатып алушының лауазымды адамдарына пара беру арқылы құқық бұзбаса – ол неге бас бостандығынан айырылуы керек? Бағаның айырмашылығы немесе мәмілелердің қандай да бір экономикалық орынсыздығы материалдық дауды қылмыстық іске аудару үшін заңды негіз болып табылмайды.

                Комиссия төрағасы И.И.Рогов Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің айтқанына жауап ретінде: егер әсіресе тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетіндай жағдай болса, олардың да құқықтары адам құқықтарын реттейтін заңмен қорғалатынынын, оның үстіне адам құқықтары кәсіпкерлердің құқықтарымен диалектикалық бірлікте екенін атап өтті.

         Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы білім беру жүйесін жақсартудың және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірқатар негізгі бағыттарын анықтап қана қоймай, сонымен қатар құқық қорғау және сот органдары тарапынан кәсіпкерлік пайдаға теріс көзқарас қалыптасқандығы туралы және бұл проблеманы шұғыл және түбегейлі түрде түзету қажет екені туралы өткір мәселе қойды.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі