Жаңалықтар

31.05.2024

Бизнес-омбудсмен Алматы кәсіпкерлерімен кездесті

964

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров Алматыға жұмыс сапары барысында жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесу өткізді.

Іс-шара Қанат Нұровтың Алматы қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен және өңірдегі бизнес-омбудсмен өкілімен танысуынан басталды. Өңірлік палата алаңында кездесу ұйымдастырылып, оған мәслихат депутаттары, Прокуратура, Мемлекеттік кірістер департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес және Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілдері қатысты.

«Бүгінгі іс-шараның мақсаты – нақты кейстер мен кәсіпкерлердің жан айқайы арқылы Уәкілдің назарын жүйелі мәселелерге аудару және шешімдерді тиімді іздеу үшін бірыңғай тәсілдерді әзірлеу», - деп, атап өтті өз сөзінде Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов. 

Кездесу барысында Қанат Нұров жергілікті кәсіпкерлермен өңірлік бизнестің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, кәсіпкерлер бизнесті жүргізу, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін құқықтық қорғауды жүзеге асыру, мәмілелерді жарамсыз деп тану, туристік бизнесті ынталандыру және субсидиялау және т. б. кездегі жүйелі құқықтық проблемаларға шағымдарын білдірді.

Мысалы, «Абли-Құрылыс» ЖШС директоры Шолпан Каранеева «Хилтон» мейрамхана кешенін рейдерлік басып алу туралы айтып берді. «Tan Group» ЖШС директоры Әмір Урисов маршруттық автобустарға арналған газ құю станциясын салу кезінде көлік прокуратурасы мен қала әкімдігі тарапынан әкімшілік кедергілер мәселелерімен бөлісті. «Skyway LTD» ЖШС директоры Әсем Қозбағарова туризм саласындағы әкімшілік кедергі мәселелері бойынша жүгінді.

Қанат Нұров өңір кәсіпкерлерінің мәселелерін тыңдап, азаматтық-құқықтық дауларға қатысты қылмыстық іс жүргізу құралдарын қолдану негізінен қабылдауға келмейтінін атап өтті. «Біз бәріміз бұған төзімсіздік танытуымыз керек», - деді ол.

«Осы мәселелердің барлығында мен құқық қолдану проблемасын көремін. Егер сот жүйесі жұмыс істемесе, онда ешқандай омбудсмен көмектеспейді. Лауазымды тұлғалардың қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапкершілік енгізу қажет. Тек атқарушы билік деңгейінде ғана емес, сонымен қатар сот билігі мен заң шығарушы билік деңгейінде де енгізу қажет», - деп атап өтті Қанат Нұров және барлық айтылған мәселелерді шешуге барынша күш салып,  белсенді көмек көрсететінін мәлімдеді.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі