Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бизнес-омбудсмен хатшылығының меңгерушісі тағайындалды
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл хатшылығының меңгерушісі болып Сафараул Йылмаз тағайындалды.
С.Йылмаз Нархоз университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген (Әкімшілік-қылмыстық бағыт. Конституциялық құқық). Заң ғылымдарының магистры («QAINAR» академиясы).
Әр жылдары «Қазақстанның түрме реформасына жәрдемдесу» ҚҚ жетекші маманы, Парламент Мәжілісі депутатының көмекшісі болып жұмыс істеді. VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат болған.
Тағайындалғанға дейін «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қаласы бойынша өкілдігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.