Жаңалықтар

16.05.2024

Бизнес-омбудсмен, «Атамекен» ҰКП және Қаржылық мониторинг агенттігі Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

342

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, «Атамекен» ҰКП және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылғы 15 мамырда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ бизнес субъектілерін қылмыстық қудалауға негізсіз тартудан қорғау мәселелері жөніндегі үшжақты келісімге қол қойды.

Райымбек Баталов Қаржылық мониторингі агенттігінің төрағасына адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол бермеу жөніндегі жүйелі жұмысы үшін алғысын білдірді. Бірақ, кәсіпорынның ғана емес, оның контрагенттерінің де барлық мүлкі мен шоттары залалды өтеу үшін тәркіленетіні маңызды мәселе болып қалып отыр. «Атамекен» ҰКП басшысы бұған дейін ҚР Президентінің тапсырмалары шеңберінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты заңнамалық актілер енгізілгенін еске салды, онда бизнесті қылмыстық процеске тартпай, есептелген салықтарды толық өтеу кезінде қылмыстық іс қозғауға жол берілмейді.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров өзінің құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру туралы Жарлығына сәйкес ҚМА мақсаты құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлікті қорғау және дамыту болуы тиіс екенін атап өтті.

Ал «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының басшысы Гүлнар Бижанова ҚМА-ға кәсіпкерлердің келіп түскен шағымдарын бірлесіп қарау тәжірибесін жандандыру туралы ұсыныс жасады және бүгінде бас бостандығынан айырудың орнына қылмыстық кодекстің 6 құрамы бойынша бірнеше рет айыппұлдар көзделеді, ал экономикалық контрабанда және кедендік баждарды төлеуден жалтару бойынша қылмыстық жауапкершілік құқық бұзушылық аса ірі мөлшерде жасалған жағдайда ғана пайда болады. Ол коммерциялық ұйымдарға қатысты ҰҚТ ережелерін алып тастау туралы ұсынысты қолдауды сұрады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов өз сөзінде жақында Мемлекет басшысы қол қойған «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа назар аударып, ҚМА өңірлік департаменттерінің басшыларына реформаның сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермей, есептелген салық сомаларын толық ерікті түрде өтелген жағдайда мемлекеттік органның немесе соттың шешімі күшіне енгенге дейін қылмыстық істерді тіркеу керек» - деді Д. Малахов.

«Бүгін қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісім аясында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, сондай-ақ құқық қорғау органдарының тарапынан заңдық қуғындау шаралары азаяды деп үміттенемін», - деп қорытындылады Қанат Нұров.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі