Жаңалықтар

29.04.2024

Ұлттық палатада жаңа бизнес-омбудсменді таныстырды

164

ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев «Атамекен» ҰКП басқарма мүшелеріне Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа уәкіл Қанат Ильич Нұровты таныстырды. Бұған дейін бұл қызметті Жүрсінов Рустам Манарбекұлы атқарған болатын, - деп хабарлайды atameken.kz. 

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болған. Отандық және халықаралық ірі компаниялардың басшылық лауазымдарында қызмет еткен Қ. Нұровтың менеджмент саласында жұмыс тәжірибесі мол.

Жиында Әсет Ерғалиев Рустам Жүрсіновтің кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау ісіне елеулі үлес қосқанын атап өтіп, атқарған жұмысы үшін Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етті.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Қанат Нұровты жаңа қызметімен құттықтап, Рустам Жүрсіновке ел экономикасы үшін атқарған сүбелі еңбегі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, Р. Баталов алдағы уақытта да аталмыш сала бойынша жемісті жұмыстар жалғасатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Қанат Нұров Алматы қаласында дүниеге келген.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Маастрихт менеджмент мектебін (Нидерланд) аяқтаған, Doctor of philosophy (Ph.D) - Historical Sciences (USA). Басқарушы бухгалтерлер институтының мүшесі (АҚШ). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік біледі. «Қазақстанның құқықтық және экономикалық жаңғыруы», «Қазақстан: ұлттық идеялар мен дәстүрлер», «ҚР білім беруді дамыту саясаты» ақпараттық қоғам-2030» кітаптарының және басқа да бірқатар еңбектердің авторы.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі