Жаңалықтар

21.09.2023

Мемлекеттік кірістер органының әрекеті заңсыз деп танылды

200

Павлодар облысы

ҚР Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтің Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездесуі барысында оған 9 жеке кәсіпкер - Н.У. Баймырзин, К.Ш. Қазиев, Г.Ш. Мәкенова, А.У. Қабылбекова, Р.Х. Газиев, Г.В. Харламова, Е.Н. Кривов, К.М. Мұсаева, С.А. Оразалин жүгінді. Аталған кәсіпкерлерде алькоголь өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша мемлекеттік лицензия бар.

Белгілі болғандай, Павлодар қаласындағы Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерге әрбір объект бойынша лицензияны пайдаланғаны үшін жалпы сомасы 7 миллион теңгеден астам төлем есептеген.

Кәсіпкерлер 2020-2021 жылдарға есептелген соманы бюджетке төлей отырып, төлем толық көлемде, яғни барлық объектілер бойынша лицензияны пайдаланғаны үшін есептелді деп ойлаған еді. Бұдан шығатыны, төлем уақтылы және дұрыс есептелген жағдайда, олар оны бюджетке уақтылы төлей алар еді.

Басқаша айтқанда, Департамент төлемдерді дұрыс есептеу үшін Мемлекеттік кірістер бақармасына уақтылы ақпарат бермеген. Осыдан кейін уәкілетті органдар мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданды.

Есептелген төлемдермен және өсімпұлдармен келіспеген жеке кәсіпкерлер сотқа жүгінді, олар Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Департаментінің әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап-арыз түсірді, өйткені бір ғана лицензия берілген және лицензия әрекет ететін уақытта бір лицензия үшін ақы алынып келген еді. Бұл ретте салық органы ешқандай талап қоймаған.

Кәсіпкерлерге лицензияны пайдаланғаны үшін төлем дұрыс есептелмеген, бұған мемлекеттік органның әрекеті себеп болып отыр, осы себепті кәсіпкерлердің салық органдарына сенім білдіру құқығы қорғалған және қалыптасқан жағдайда кәсіпкерлер бұл әрекеттің жағымсыз салдарын тартпайды.

ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органының ЖК әрбір объектісі үшін жеке-жеке төлемақы есептеуін заңсыз деп таныды.

Заңнамаға сәйкес, әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен қабылданған заңсыз әкімшілік акт, сондай-ақ әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен жасалған заңсыз әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыртпалық салатын салдарға алып келмейді.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі