Жаңалықтар

13.09.2023

Рустам Жүрсінов: Президенттің қолдауы бизнес үшін өте маңызды

178

Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов фейсбук-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу барысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесіне баса назар аударды.

Президент атап өткендей, экономикалық қылмыстарды қоса алғанда, қылмыспен күрес барысында заңның көмегіне жүгіну керек, олай болмаған жағдайда мемлекетке деген сенім жоғалады және  белден басушылық кейбір бастамаларды іске асыруға кедергі болуы мүмкін. Сондықтан бақылаудың теңгерімді механизмін әзірлеу қажет.

Ілгеріде еліміздің Президенті әрбір инвестициялық жобаға бақылау органдарының өкілдері жетекшілік етуі тиіс деген бастаманы алға тартқан болатын. Дегенмен бұдан айтарлықтай нәтиже шықпады. Сондықтан Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне Бас прокуратура және Бизнес-омбудсменмен бірлесіп, бір ай мөлшерінде тиісті ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканың өсуін тежейтін басты проблема инвестициялардың жетіспеушілігі екенін атап өтті. Біз болсақ, бұдан бизнес болашаққа сене ме, сенбей ме деген сұрақтың жауабын іздейміз.

ЭЫДҰ дайындаған іскерлік ахуалға жүргізілген соңғы талдау, сондай-ақ экономикалық еркіндік индексінің қорытындылары мемлекеттік институттарды, соның ішінде құқық үстемдігін, соттардың тиімділігін және Үкіметтің ашықтығын нығайтудағы реформалардың басымдылығын көрсетеді. Құқық үстемдігі қағидаты заңдарды әділ және бейтарап қолдануды талап етеді. Сот жүйесі иммундық жүйемен салыстырылады және оның әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөлін бағалау керек. Кәсіпкерлер құқық қолдануда «әділдік» қағидатын бекітуге шақырады және де жаңа қоғамдық шарттың негізі ретінде «Әділ Қазақстан» идеясын қолдайды. Бірақ қазіргі уақытта бұл қағида қазақстандық заңнамада толық мөлшерде іске асырылған жоқ, бұл әділетсіз сот шешімдеріне әкеледі, тиісінше азаматтар мен бизнестің наразылығын тудырады.

Мәселен, 2022 жылы 600 мыңнан астам әкімшілік істің 36,5 мыңы тоқтатылды, оның ішінде 436 іс (0,07%) олардың маңыздылығы шамалы болуына байланысты тоқтатылды. Неғұрлым жеңіл қылмыстық жаза тағайындауға қатысты да осындай жағдай байқалады. 2022 жылы сотталған 28,200 адамның тек 74-нің (0,2%) жазасы жеңілдетілген. Мұндай төмен статистиканың басты себебі - судьялар нақты заңды негізсіз адамгершілік шешімдер қабылдаудан қорқады.

ӘРПК - мемлекеттік органның кінәсінің презумпциясы, соттың белсенді рөлі және «әділеттілік» қағидаты сияқты түбегейлі жаңалықтарды қамтитын жалғыз заң. Дәл осы институттың арқасында кәсіпкерлерде мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында туындаған даулар әділ шешіледі деген үміт пайда болды. Бүгінгі таңда ӘРПК аясында шешімдердің 64%-ы азаматтар мен кәсіпкерлердің пайдасына шығарылады.

Алайда, мемлекеттік органдар бұдан ешқандай сабақ алған жоқ, жұмыс әдістерін жетілдіруге тырыспайды да. Олар әкімшілік әділет ұғымы уақытша және жақын арада жойылады деп сенеді, бұған жол беруге болмайды. Керісінше, әкімшілік әділет мәртебесін нығайтып, оның қолданылу аясын кеңейту керек және оны қолдау үшін қосымша материалдық және кадрлық ресурстар бөлу қажет.

Тағы бір маңызды мәселе құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты. Қазақстанда 8900 орта және ірі кәсіпорын бар, олардың тек 3730-на немесе 42%-на (1111 ірі және 2620 орта) мемлекет қатыспайды. Бұл ретте 1670 компания бюджетке түсетін салық түсімдерінің 90%-ға жуығын қамтамасыз етеді.

Шағын және орта бизнесті (ШОБ) тексеруге уақытша мораторий жариялануына байланысты осы кәсіпорындар көптеген құқық қорғау және тексеру органдарының басты назарына айналды.

Мемлекет басшысының өткен жылдың мамыр айында бизнес өкілдерімен кездесуінен кейін бұл мәселеде белгілі бір ілгерілеушілік байқалды.

Ел Президентінің қолдауы бизнес үшін маңызды. Кешегі кездесуден кейін жұмыс белсенді бола түседі деп сенемін», -  деп жазды Рустам Жүрсінов.

 

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі