Жаңалықтар

31.08.2023

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар сенімді ақтай алды ма?

251

общественно-политическая газета Казахстана "ВРЕМЯ"

Сурет Игорь КИЙКОНІКІ

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар сенімді ақтай алды ма, жоқ па?

«Бұл корпорациялардың қызметі жаңа жобалар тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, кооперациялануды күшейтуге бағытталады.
Сөйтіп ӘКК ірі жұмыс берушілерге әрі ел дамуының жолбасшысына айналады, бұл ретте ол мемлекеттік қызметшілер санын өсіріп, мемлекетке салмақ салмайтын болады», - деген болатын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 2006 жылы Қазақстан халқына Жолдауында қоғамға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар идеясын ұсына отырып.

Дегенмен бұл игі іс проблемаға айналды: ӘКК қызметі (немесе, дәлірек айтқанда, әрекетсіздігі) сынға ұшырады. Ал соңғы уақытта олар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің назарына ілікті. Антикордың «Время» газетінің сұрауына берген жауабынан бірнеше дәйексөз келтіре кетсек:

«Көбіне жобаларды инвестициялау, тұрақтандыру қорын қалыптастыру және активтерді өткізу кезінде бұзушылық орын алған, ұрлық пен лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол берілген. Жалған жұмыс орындарын ашу және жасалған шарттар шеңберінде құжаттарға қол қойғаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алу фактілері кездесті».

«2022 жылы Агенттік 2019-2021 жж. 17 ӘКК қызметіне сыртқы талдау жүргізді. Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, сондай-ақ ӘКК қызметі оларды құрудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді. 47 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылық жасалған».

Антикордың пікірінше, ӘКК қызметін нормативтік регламенттеуде олқылықтар бар және басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы осындай бұзушылықтарға әкелді: «Талдау нәтижелері бойынша ӘКК қызметін жетілдіруге бағытталған 456 ұсыныс енгізілді».

«ӘКК-ды кешенді реформалау және олардың қызметін реттеудің бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет квазимемлекеттік секторды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі, ол заң қаралып жатыр», - деп хабарлады Президент әкімшілігі.

Әлеуметтік корпорациялардың қызметі туралы сын пікірлерден шаршаған Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2022 жылдың соңында осы тақырыпқа қатысты өз ойын айтты:

- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ӘКК-ды трансформациялау тәсілдері қалыптастырылады. ӘКК ұғымын қайта қарау ұсынылады, атап айтқанда жергілікті атқарушы органдарға өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға жәрдемдесуді жүзеге асыратын коммерциялық емес заңды тұлға нысанында өңірлік даму институты ретінде қайта форматтау қажет.

Осы жылдың маусым айында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ӘКК қатысты өз наразылығын білдірді:

- ӘКК тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлетін қаражатпен тиімді жұмыс істеп жатқан жоқ. Сонымен қатар, ӘКК жер учаскелерін берген. Мұның бәрі ӘКК тұжырымдамасының беделін түсіреді ғой! ӘКК және АЭА мәселелері бойынша (арнайы экономикалық аймақтар) осы жобалардың тиімділігін талдап, заңнамалық реттеу бөлігінде ұсыныстар дайындау үшін бірлескен парламенттік және үкіметтік жұмыс тобын құру дұрыс болар еді.

Бірақ шілдеде депутаттар демалысқа шықты, тиісінше ӘКК тақырыбы және өзге де өзекті мәселелер көлеңкеде қалып қойды. Енді жаңа парламенттік сессияның қарсаңында, жаңа саяси маусымда ӘКК тағдыры не болады деген сұрақтың жауабын іздеу керек сияқты.

Көшбасшысы Азат Перуашев болаып табылатын «Ақ жол» партиясы ӘКК-н қатты сынға алды, ол корпорациялар бизнесті дамытуға ықпал еткен жоқ деген пікірде:

- ӘКК бизнеске көбірек табыс табуға және белсенді дамуға мүмкіндік беруге бағытталған еді, ал мемлекет көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуді жөн көрді.

Бірақ іс жүзінде, - деп жалғастырады ол, - ӘКК қызметінің алғашқы жылдарынан бастап кемшіліктер болды. Мысалы, «Ертіс» ӘКК бірден миллиардтаған қаржы алды, дегенмен бірде-бір жобаны іске асырған жоқ. Барлық қаражат банктік депозиттерге салынды, ал есептелген пайыздарды басшылар бонус ретінде алып отырды.

ӘКК-нің жергілікті пайдалы қазбалар кен орындарын басқарғанына қатысты да шағымдар пайда болды. Егер бұрын кәсіпкер мемлекеттік құрылымдарға өтінім беріп, пайдалануға рұқсат алса, кейін бизнес осы құрылымды үлеске алуға міндеттелетін еді, ал ӘКК кірістің кемінде 30 пайыз үлесі бар мемлекеттік меншік иесі ретінде енгізілетін болды, бұл ретте әлеуметтік корпорация ешқандай қаржы салмайды.

Бірқатар өңірлерде ӘКК уақыт өте келе іс жүзінде банк атқаратын функцияларды атқара бастады: бюджеттік ақшаны пайдалана отырып, корпорациялар жергілікті жерлерде бизнеске несие берді. Бұл енді, тіпті қисынсыз, бұл лицензияланған банктің қызметі қой! – дейді Перуашев. - ӘКК-нің қызметі заңдармен реттелмейтіндіктен осындай еркіндікке жол берілді, олардың бірыңғай тұжырымдамасы әзірленбеген. Әрбір әкім өз еркімен жергілікті корпорацияға белгілі бір функцияларды тапсырды, міндеттерді жүктеді және осы күнге дейін өңірлік ӘКК-лер көп жағдайда облыс басшысына қызмет етті десе де болады.

ӘКК табысты жұмыс атқарған мысалдары да бар, оны жоққа шығармаймын. Мұндай жұмыс форматы әкімдіктер үшін әлі де ыңғайлы екенін естен шығармаған жөн, оларға шаруашылық қызметпен айналысудың қажеті жоқ, сонымен бірге барлық ресурстар мен өкілеттіктер бақылауда. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен үнемі қарым-қатынас жасаймын, мен олардан корпорациялармен өзара әрекеттесуге риза екендіктерін жиі естимін.

Дегенмен, тереңірек үңілер болсақ, келеңсіздік әлі де көп. Әсіресе соңғы уақытта сыбайлас жемқорлыққа жол берген өңірлік корпорациялар басшыларының бірін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жаңалық жиі кездесетін болды. Мұнда таңқаларлық ештеңе жоқ, ӘКК мәнін әркімнің өзінше түсінуі және мемлекеттік ресурстарға қол жетімділік біршама еркіндік берді.

Біздің партиямыздың ұстанымы мынадай: қазіргі түріндегі ӘКК мүлдем пайдасыз және оларды жою дұрысырақ болар еді, - деп қорытындылады Перуашев.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов ӘКК-н трансформациялау қажет деген пікірде:

- Бұл құрылым өңірлерде бәсекеге қабілетті және тұрақты өндірістерді құруға ықпал етуі тиіс болатын, алайда құрылымның қызметінде бірден кемшіліктер пайда болды және тиімді жұмысқа қол жеткізу үшін бірнеше маңызды мәселелерді шешу қажет болды, соның ішінде, ӘКК мен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықтың жеткіліксіздігі, корпоративтік басқарудың төмен деңгейі, коммерциялық және коммерциялық емес міндеттердің араласып кетуі. Өкінішке орай, бұл міндеттердің көпшілігі әлі күнге дейін шешілген жоқ.

Өткір сынды тудыратын аспектілердің бірі - тұрақтандыру қорларының жұмысы. Жыл сайын ресурстар салынып жатқанымен олардың қызметі айтарлықтай оң нәтиже бермей отыр, шын мәнінде олар өңірлерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын нүктелер туралы хабарлаумен шектеледі.

Осы мәселелердің барлығын мен де, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да бірнеше рет мәлімдеген болатынбыз. Сонымен қатар, 2020 жылдың қараша айында ӘКК-нің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасы дайындалып, Ұлттық экономика министрлігіне жолданды, министрлік құжатты мүдделі тараптармен келісуге міндетті болды. Бірақ кенеттен министрлік Үкіметтің «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысын қолдады, оның мәні ӘКК қызметін тек 2023 жылға дейін өзгерту, одан әрі 2025 жылға мониторинг жүргізу. Бұл ретте жоспар корпорациялардың қызметін талдауға бизнестің қатысуын көздемейді! «Түймедей нәрсе түйедей» болдының кері: көзге көрініп тұрған проблеманы шешпеу, қаншама күш жұмсап болар-болмас нәтижеге қол жеткізуге әкелді.

Бұл проблемаларды шешпесек болмайды! Бірінші кезекте ӘКК қызметін реттейтін заң мен дамудың түсінікті және ашық тұжырымдамасын қабылдау қажет. Менің қолдауыммен Ұлттық экономика министрлігінің жанынан жұмыс тобы құрылды, оған мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері кірді. ӘКК қызметінің тиімділігін жақсарту үшін нақты шаралар әзірлейтін боламыз.

ӘКК қызметін қайта жүктеу қажет деп ойлаймын, - деп атап өтті сөз соңында бизнес-омбудсмен. - Корпорациялардың алдына нақты міндет қойылмаған, олар жергілікті атқарушы органдар жүктеген қысқа мерзімді міндеттерді шешу үшін бизнеспен бәсекелеседі. Бұл проблеманы шешу үшін жедел және жүйелі шаралар қабылдау қажет.

 

Елена ЛЕВКОВИЧ, Астана

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі