Жаңалықтар

08.08.2023

Ұлттық экономика министрлігінде орта бизнесті дамыту мәселесі талқыланды

224

Отырысқа Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов, сондай-ақ Қаржы министрлігінің және Экономикалық зерттеу институтының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында салық заңнамасын, Кәсіпкерлік кодексін, мемлекеттік қолдау жүйелерін және басқа да шараларды жетілдіру арқылы орта бизнесті дамыту тәсілдері талқыланды.

Министр әзірленген шаралар бизнесті айналымды арттыруға, шағын кәсіпорындарды іріленуге ынталандыруы керек екенін айтып өтті. ШОБ-ты дамыту бойынша жаңа тәсілдер бүгінгі таңдағы талаптарға сай болуы тиіс және бизнестің жүйелі проблемаларын шешуге ықпал етуі керек. Ұсынылған тәсілдер пысықталады.

«Өңірлік және салалық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіпкерлікті дамыту үшін өңірлік деңгейде бизнесті дамытудың салалық бағдарламаларын әзірлеу қажет», - деді Райымбек Баталов.

Орта кәсіпорындар еліміздің экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орта кәсіпкерлік субъектілері 9,7 трлн. теңгеге өнім шығарды.

 

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі