Жаңалықтар

18.08.2023

Үкіметте бизнестегі өзекті мәселелер қаралды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бизнестің өзекті мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізді. Жиынға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Кезекті жиында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған мәселелер көтерілді.

Жиында техникалық реттеу саласындағы қызметті жоспарлау мен қаржыландырудың мемлекеттік жіктеуішіне өзгерістер енгізу, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу стандарттарын әзірлеу кезіндегі бәсекелестікке шектеулер, көлікті лизингке сатып алу кезінде кәдеге жарату төлемінен босату мәселелері қаралды.

Мемлекеттік органдардың міндеті – кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Сондықтан мемлекеттік органдар барлық қол жетімді аспектілерді ескере отырып, бизнестің өзекті мәселелерін дер кезінде және сапалы түрде қарау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі