Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Кәсіпкерлер жер ала алмай отыр
Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің Самар ауданында өткен көшпелі отырысы барысында ӨКП филиалының директоры Сәуле Қапасова Самарлық кәсіпкерлер жер қатынастары саласында жүйелі проблемаға тап болғанын айтты. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы орган бір жыл ішінде шаруа және фермер қожалықтарын жүргізетін кәсіпкерлерге жалға беру құқығын беру үшін бірде-бір конкурс немесе аукцион өткізбеген деп жазады atameken.kz.
«2023 жылдың 4 мамырынан бастап Самар ауданында жер комиссиясы жұмыс істейді. Аталған кезеңде комиссия 11 отырыс өткізді. Алайда Самар ауданының жергілікті атқарушы органы бірде-бір конкурс өткізген жоқ. Бос жатқан жер учаскелері бар, олардың тізбесі барлық мүдделі органдармен және ұйымдармен келісілген. Жерді конкурсқа ұзақ уақыт шығармау кәсіпкерлерге біршама қиындық тудырды. Олар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тікелей мақсаты бойынша пайдалана алмай отыр, яғни мал жаю, шөп өсіру, жем-шөп дайындау және т.б.», - деді Сәуле Қапасова.
ӨКП филиалының директоры нақты деректерді айтып өтті, 44 жер учаскесінің 42 егістік жер учаскесі ескертусіз келісілген және 2 учаскесі (жайылым – 350 га және шабындық – 30 га) елді мекендерге жақын орналасқан және жергілікті халық осы учаскелерді жиі пайдаланатындықтан келісілмеген. Палата болса әкімдік ағымдағы жылдың соңына дейін конкурс өткізе алмайды-ау деп алаңдауда.
Аудан әкімінің орынбасары Рахат Әбуғали 25 тамызда жерге орналастыру жобасы бойынша жұмысты аяқтау жоспарланғанын, содан кейін бір ай ішінде сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат жарияланатынын айтты.
Сондай-ақ, ШҚО бизнес-омбудсменінің өкілі, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева Самар ауданында уақытша өтеулі жер пайдалану мерзімін ұзартудан заңсыз бас тартылғаны туралы айтып өтті.
«Қазір біз Қараткөл ауылының кәсіпкері Дамир Сұрашевтің жер учаскесін жалға алу мерзімі заңды негізде ұзартылмағанына қатысты өтінішін қарап жатырмыз», – деді бизнес-омбудсмен өкілі.
Аққала ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов 2009 жылы Дамир Сұрашевке 5 жылға 88 гектар жер бөлінгенін және 2022 жылы жалдау мерзімі аяқталғанын айтты. Кейін Аққала ауылында тұратын 2 көпбалалы отбасы осы жерлерді жалға алуға өтініш берді.
«Жер комиссиясымен бірге 53 га жерді бұрын иеленген адамға, 20 га – тағы бір адамға және 15 га – үшінші адамға бөлу керек деген қорытындыға келдік. Жалпы, біз 88 гектарды мал басына бөлдік. Шынымызды айтсақ, біз осы шешімді адамгершілік тұрғысынан қабылдадық. Осының негізінде олар жерді рәсімдей бастады, бірақ азамат Сұрашев жер учаскесі оған толығымен берілуі керек деген талап-арыз түсірді. Бүгінде сот процедуралары жүріп жатыр, сот комиссияны таратты және бұл жер учаскесі әзірге ешкімге тиесілі емес», – деді Нұрлан Назарханов.
Әлия Мұқашева соттың шешіміне сәйкес ауылдық округ әкімі жер комиссиясының құрамына кірмегенін, бірақ ол біршама уақыт сөз сөйлеу арқылы комиссияны мүдделі тұлғалардың пайдасына шешім қабылдауға көндіргенін еске салды.
«Таза адами» фактор «таза заңды» факторға қайшы келмеуі керек. Сіздер жерді үш адамға бөлу керек деп шешім қабылдаған екенсіздер, дегенмен кәсіпкер жалдау шартына сәйкес адал жұмыс істесе, егер ол жерді мақсатсыз пайдалануға және пайдаланбауға жол бермесе, онда оған басымдық беру керек. Міне, дәл осы басымдық құқығы негізсіз бұзылған. Яғни, егер оның ұзартуға құқығы болса, онда оны ұзарту керек, ал өтініш білдірген екі тұрғынға басқа жерден жер учаскесін бөлу дұрыс болар еді», - деп жауап берді ауылдық округ әкімінің сөзіне Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Игорь Шацкий
Кеңес отырысына қатысқан Дамир Сұрашев жерді жалға алуды ұзарту үшін мемлекеттік органға жүгінгенін растады, бірақ оған жер комиссиясы әлі құрылған жоқ деп жауап берген, ал кейін жер учаскесінің кадастрлық нөмірі жойылып, комиссия құрылып, учаске үшке бөлінген.
«Біздің ауылдық округ әкімі олардың көп балалы екенін айтады. Мен де көпбалалы отбасымын, әкем мүгедек. Менде трактор бар, қажеттінің бәрі бар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша да біршама мал басы бар: 150 бас жылқы, 100 бас ірі қара. Бүгінде шөп дайындау үшін ана жерден біраз шөп шауып аламын, мына жерден біраз шөп шабамын, кейде қожалық иелерінен шөп шауып алу үшін 10-15 гектар жер сұраймын», - деді Дамир Сұрашев.
Отырыс қорытындысы бойынша Игорь Шацкий Самар ауданының прокуроры Айдос Тұрсыновқа ШҚО Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлесіп жер учаскелерін беруге қатысты бизнестің өтініштері мен проблемалық мәселелеріне талдау жүргізуді сұрады. Сондай-ақ, ӨКП филиалының директоры Сәуле Қапасоваға жер алуға аса мұқтаж кәсіпкерлерді анықтап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алуға мұқтаж бизнес субъектілерінің тізімін қалыптастыруды тапсырды.
«Бұл салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар және олар кәсіпкерлік және инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылығы және туризм саласы жер учаскелерін берудің өте айқын, дәйекті тәртібіне тәуелді, ал егер мәселені шешу кешіктірілсе кәсіпкерлер табысынан айырылады, инвестиция құйылмайды», - деді Игорь Шацкий.
Кеңес Самар ауданы әкімдігіне жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізу үшін жан-жақты шаралар қабылдауды, сауда-саттықта сатуға жоспарланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін уақтылы қалыптастыруды қамтамасыз етуді және қол жетімді телекоммуникация желілері арқылы конкурстар өткізу туралы кәсіпкерлік субъектілерін уақтылы хабардар етуді ұсынды.