Жаңалықтар

28.03.2023

Қостанай облысында азық-түлік бағасының сауда үстемесі 10%-ға дейін төмендетілді

238

2022 жылы мамандар өңірдің тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 46 талдау жүргізді.

Қаланың басты супермаркеттер желісімен және азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді көтерме бағада жеткізушілермен монополияға қарсы комплаенстерге қол қою азық-түлік бағасының сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

«ЖЖМ, азық-түлік, есепке алу аспаптарына қызмет көрсету, сауда үй-жайларын жалға беру нарықтары зерттелді. Тауар нарықтарындағы кәсіпкерлердің әрекетін зерделей келе монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы 16 хабарлама шығардық. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату бойынша тауар нарықтарын талдау барысында бірқатар субъектілер қант бағасының сауда үстемесін 15%-дан асырғаны анықталды», - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Дастан Сәмен Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде.

Биыл департамент 17-ден астам тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайын зерттеуді жоспарлап отыр. Спикердің айтуынша, талдау жүргізу осы немесе басқа нарықтардың облыста қаншалықты дамығанын, нақты тауар нарықтарында қандай кедергілер бар екенін анықтайды, сондай-ақ нарық доминанттары нарықтық билікті теріс пайдаланды, жоқ па деген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді.

«Биыл біз тауар нарықтарына бес талдауды аяқтадық, төрт талдау әлі де жүргізіліп жатыр. Қазір Департамент тауық жұмыртқасы, ұн, сүт, авиакеросин сатудың тауар нарықтарын зерттеп жатыр. Біздің ведомство баға реттеушісі болып табылмайтынын атап өту қажет. Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттемейміз, оны белгілейтін де біз емес, бұл монополияға қарсы органның құзыретіне кірмейді. Біздің міндетіміз – нарықта доминанттар мен монополистер болып табылатын субъектілер тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда әрекет ету», - деп түсіндірді Дастан Сәмен.

Естеріңізге сала кетейік, Бәсекелестікті дамыту агенттігі монополияға қарсы комплаенске баса назар аударатын жаңа заң жобасын әзірледі. Комплаенс монополияға қарсы айыппұлдарды 50 пайызға дейін төмендетуге септігін тигізеді. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов баға белгілеуге мемлекеттің шамадан тыс араласуы отандық кәсіпкерлердің нарықтарды жоғалтуына әкелуі мүмкін деген пікірде. 2022 жылдың қыркүйегінде Сауда министрлігі өнімдерге 10%-дан аспайтын баға үстемесін белгілеуді ұсынған болатын.

 

Татьяна Деревянко

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Нұров Қанат Ілияұлы

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі