Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.
Бөлшек салық қалпына келтірілді
Наурыз мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Яғни, бөлшек салық қалпына келтірілді. Бұл бизнеске не береді?
Салық кодексіне енгізілген өзгерісті Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов түсіндірді.
«Біріншіден, жеке тұлғалар өз тауарын сатқан кезде салық 4% мөлшерлемемен, ал заңды тұлғалар өз тауарын сатқан кезде 8% мөлшерлемемен төленеді. Мәслихаттар салық мөлшерлемесін 4%-ға төмендететін болады.
Екіншіден, бөлшек салық базасын есептеу үшін жалақыны алып тастауға рұқсат етілді», - деді бизнес-омбудсмен.
1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем енгізілді, ол бойынша мөлшерлеме 20% құрайды және бөлшек салыққа да қолданылады.
Осы режим қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі әлі бекітілген жоқ. Оны ҚР Үкіметі айқындайды.