Жаңалықтар

11.02.2023

Қосылған құн салығын қайтару керек пе, жоқ па? Бизнес Қаржы министрінің бұйрығы Салық кодексіне қайшы келетінін дәлелдеуде

243

Кәсіпкерлердің айтуынша, мәселе өздігінен шешілмейді.

Ірі экспорттаушылар қосылған құн салығы қалай қайтарылатынына, дәлірек айтқанда қайтарылмайтынына наразы. Заң бойынша оны нөлдік мөлшерлемемен қайтаруға міндетті, бірақ өткен жылдан бастап бұлай жасау мүмкін болмай тұр. Өйткені Қаржы министрлігінің жаңа бұйрығы шықты. Нәтижесінде бизнеске миллиондаған қаржыдан айырылу қаупі төніп тұр. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бұған не дейді?  Atameken Business тілшісі осы мәселеге қатысты бизнес-омбудсменнің пікірін білді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бір күн бұрын Президенттің қабылдауында болып, отандық бизнестің жай-күйі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуынша, бір жыл ішінде кәсіпкерлерден 4 жарым мыңға жуық шағым түскен. Өткен жылмен салыстырғанда көптеген мәселелер қылмыстық-құқықтық аспектілерге көшті. ҚҚС қайтару мәселесі өткір проблемалардың біріне айналды. Өткен жылы Қаржы министрлігі оны ірі экспорттаушыларға қайтару тәртібі туралы жаңа ережелер енгізді. Және олар салық кодексіне қайшы келетіні анық.   

«Салық кодексінде егер сіз ірі экспорттаушы болсаңыз, онда ҚҚС-тың 70%-ы қарсы тексерулер мен талдауларсыз өтеледі делінген. Ал ережеде мүлде басқаша. Енді барлығын тексеріп жатыр. Сонымен қатар, жеткізушілер саны реттелмейді. Яғни, сіздің сатушыңыздың сатушысы ережелерді бұзуы мүмкін, ал сізге ҚҚС қайтарылмайды. Бұл өте ауқымды мәселе» - деді Рустам Жүрсінов.

Ұн тартушылар осындай проблемаға тап болды. Заң мен Қаржы министрлігінің бұйрығы арасындағы қайшылықтарға байланысты олар айналым қаражатын жоғалтады. Айналым қаражатының орнын толтыру үшін несие алып, қарызға батады. Нәтижесінде осындай шығындар ұнның өзіндік құны артуына алып келеді. Сайып келгенде, қарама-қайшылықтар туындатқан артық шығынды тұтынушылар өтейді.

«Біз өз өнімдеріміздің жартысын экспорттаймыз. Біз экспорттаған кезде мемлекет бізге нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС қайтаруы керек. Бұл орташа есеппен 12% құрайды. Бірақ бұл ҚҚС бізге қайтарылмайды. Және бұл ақша үнемі айналымнан кетіп отырады. Ұн тартушылар жылдық 20% несие алуға мәжбүр. Егер есептесек, ай сайын 500 млн теңге шығады. Несие бойынша пайыз өнімнің өзіндік құнына жүктеме ретінде түседі. Бұл оның қымбаттауына алып келеді», - деді Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Әлихан Талғатбек.

Рустам Жүрсінов бизнес-омбудсмен ретінде Үкіметке қандай да бір нормативтік-құқықтық актіні тоқтата тұру туралы ұсынымдар енгізуге құқылы. Ол бұл құқықты өткен жылы Қаржы министрлігінің құжатындағы қайшылықтарды жою үшін пайдаланды. Бірақ түсінбеушілікке тап болды.

«Мен Премьер-Министрге тиісті хат жолдадым. Бірақ менің ұсынысым ескерілмеді. Біз осы мәселені бірнеше рет көтердік. Дегенмен мемлекеттік органдардың ұстанымы өзгеріссіз, олардың айтуынша Салық кодексі мен бұйрық арасында қайшылық жоқ. Біз Евгений Пороховтан қорытынды беруін сұрадық, ол салық және қаржы ережелері бойынша заң ғылымдарының докторы. Ол да қайшылықтар бар екенін растады», - деді Рустам Жүрсінов.

Кәсіпкерлердің айтуынша, мәселе өздігінен шешілмейді. Ал қайтарылмаған ҚҚС жинақтала бермек, бұл кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеледі. Қазір Қаржы министрлігінде апелляция деңгейінде осындай 15-ке жуық шағым бар. Бизнес-омбудсменнің пікірінше мәселені сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мүмкіндігі өте төмен. Салық төлеушілер сотқа жүгінуі мүмкін. Егер ол жерде де олардың талаптары қанағаттандырылмаса, онда Конституциялық сот соңғы саты болады.

«...Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет...»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі,
15 шілде 2019 ж.

Жүрсінов Р.М.

ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің блогы Сіздердің маған тікелей шығуға мүмкіндіктеріңіз болуы үшін құрылды және де ол біздің арамызда сындарлы сұхбаттастық орнауына ықпал етеді деп сенемін - ойларыңызды жазыңыздар, пікір бөлісіңіздер, ұсыныс жасаңыздар. Мен сіздердің барлық пікірлеріңізді міндетті түрде оқимын.

Серіктестер

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
service.pravstat.kz
www.e-gov.kz
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі